Page 59 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

59
Бұл компаниялардың өндірген тауарларының нарықта тұрақты орын алатынын ескере
отырып, олардың арнайы трейдингтік және экспедиторлық ұйымдардың қызметін
пайдаланатынын назарға алу керек.
Ақпарат көзі: «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК 2008-2010 жылдарға арналған
қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары. - көрсетілген белгілер жүк тасымалының 5
баллдық шкаламен тасу мүмкіндігін көрсетеді.
РМК «АХТСП» қызметтерін пайдаланатын нақты және әлеуетті тұтынушылар нарығын,
олардың сұранысын сапалы құрылымға сәйкес сегменттерге шартты бөлу, мақсатты топ
болып ірі жүк қалыптастырушы ұйымдар (өнеркәсіптік кешендер, комбинаттар, ұйымдар),
алдыңғы қатарлы трейдингтік компаниялар (әсіресе Ресейлік) және көліктік-логистикалық
қызмет көрсету нарығында алдыңғы қатарда тұрған экспедиторлық компаниялар болып
табылатынын көрсетті.
Мұнайды тасымалдап жіберу көлемінің болжамына сәйкес, тасымалдауға болжанып
отырған басты жүктердің ассортиментін қарастыру кезінде шығынға әсер ететін
факторлар орын алады. Олар әр түрлі сипаттағы тәуекелдер, пайдалану мен олардың
тасымалдау ерекшеліктері, сонымен қатар порттағы технологиялық өңдеуіне байланысты
шығындар.
2006 жылдың ортасында Атасу-Алашанкоу-Душанцы (ҚХР) мұнай құбырының учаскесі
пайдалануға берілген, ол өз кезегінде «CNPC- Ақтөбе мұнайгаз» ААҚ «Petro Kazakhstan
Resourses» компанияларының айтарлықтай көлемдегі мұнайын ҚХР бағытында жіберді.
Ақтау порты арқылы мұнай жіберуші компаниялардың ішінде портпен тұрақты деңгейде
жұмыс атқаратын мұнай өндіруші компаниялар болатынын көрсетеді. Олар:
«Манғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбасмұнай» ААҚ, «Тенгизшевройл» БК, сондай-ақ
шағын көлемді мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын басқа да компаниялар.
РМК «АХТСП» өңдейтін барлық құрғақ жүк номенклатурасының басым бөлігін, «Миттал
Стил Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС өндіретін металл өнімдерін тасымалдап келеді және
Ресей Федерациясының «Уральская Сталь» АҚ-нан тасымалданатын транзиттік жүктері
құраған.
Портта өңделетін құрғақ жүктердің негізгі көлемін «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң металл
өнімдері құрайды.
Жақын арада әлемдегі болат нарығының жағдайы сұраныс пен бағаның өсуімен
ерекшеленеді, оны жақында әлемдегі ірі болат империясы Mittal Steel дәлелдеді. Сондай-
ақ мұндай үрдістің қалыптасуын британдық аналитикалық компания MEPS дәлелдеді.
Осыған байланысты Түркия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бағытында өнімді
жеткізу көлемінің ұлғаюы болжанып отыр.
Дамыған елдерде, ұлттық нарықтың басым бөлігін бақылайтын ірі корпорациялардың
белсенді қызмет атқаруының және сұраныстың нақты өсуінің салдарынан қатпарлы
болаттың құны тоннасына 600-620$ - ға дейін көтерілді. Жақын арада болат өнімінің
еуропалық нарығында демпинг жайындағы мәселе қайта көтерілуі мүмкін. Бұл өз
кезегінде жүк тасымалдау маршрутының өзгеруіне әкеліп соғады, мұндай жағдай
қарқынды дамып келе жатқан Таяу Шығыс елдеріне, оның ішінде Иран еліне тиімді.