Page 57 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

57
Ақтау теңіз сауда портының ресурстық көздері негізінде тасымалдау әлеуетін базалық,
пессимистік, оптимистік нұсқалары бойынша талдау және болжау мүмкіндігіне ие
болдық. Соның нәтижесінде мұнай тасымалы 2010 жыл 2007 жылмен салыстырғанда
базалық нұсқамен есептегенде 112% -ға өсуі мүмкін.
Ақтау порты арқылы барлық тасымалданатын жүк түрлерінің қалыпты жағдайда және
үзіліссіз ағымын қамтамасыз ететін Ақтау портының негізгі қорларының әлеуетінің
жоғары болуы қажет. Ол кемелердің және жүктерді тиеп/түсіру жұмыстарын жүргізетін
портальді крандардың техникалық жағдайымен байланысты.
Жоғарыдағы 10 кестеде көріп отырғанымыздай кемелердің МНМС- 49 мұнай қалдығын
жинаушы кемесінің 100% тозығы жеткендігін, портальді крандардың 1979 - 2002 жылдар
аралығында 34,11%-дан 45,28%-ға дейін тозығы жеткендігін көріп отырмыз. Бұл
портальді крандардың техникалық жағдайының төмендігін және жүктерді тиеп түсіру
жұмыстарының қарқындылығына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан, тозығы жеткен ескі
портальді крандарды жоғары деңгейлі жаңа техникалық жабдықтармен ауыстыру қажет.
Ақтау портының материалды-техникалық базасын жандандыру бойынша алғышарттар
бар. Мәселен, құрылғыларды және негізгі құралдарды сатып алуға 2008 жылға 568, 7 млн.
теңге жұмсау жоспарлануда.
Құрамында мұнайы бар және ағынды суларды қабылдау бойынша кемені сатып алуға
2008 жылға 65 млн. теңге, 2009 жылы 147, 5 млн. теңге жоспарлануда. Қазіргі кезде бұл
қызметтерді 20 жылдан астам пайдаланылып жүрген «Радуга» ЛСЖ атқаруда. Пайдалану
мерзімін ескере отырып 2009 жылдан бастап Ресей кеме қатынасы теңіз регистрінің
классификациялық куәлігі жыл сайын жөндеуден өтудің міндетті шартымен тек қана 1
жылға беріледі, ол кәсіпорын үшін экономикалық тиімсіз. Осыған орай классификациялық
куәлігі 5 жылға берілетін жаңа кемені сатып алу жоспарлануда.
Қорытындылай келе Ақтау теңіз сауда портының ресурстық көздері бойынша әлеуеті
жоғары, бірақ толық пайдаланылмай жатқандығына куә бола отырып, келесідей тұжырым
жасаймыз:
1. Ақтау порты арқылы Ресейдің транзитті металл өнімдерін тасымалдауға байланысты
бәсекеге қабілетсіз тарифтердің орын алуы транзитті жүк тасымалы көлемінінің ұлғаюына
кері әсерін тигізеді.
2. Ақтау және Әзірбайжан портындағы астық терминалдарының жылына 500-800 мың
тонна астық арту қуаттылығын және ресми мәліметтер бойынша Ақтау портынан
артылған астық көлемі небәрі 187,9 мың тоннаны құрағанын ескеретін болсақ, астық
терминалының қуаттылығы толық пайдаланылмай отыр деп айта аламыз.
3.Қытай мен Еуропа және Біріккен Араб Әмірлігінен Алматыға контейнерлі жүк
тасымалының Серахс пен Ақтау порттары арасындағы тарифтерді салыстыру нәтижесінде
контейнерлі жүк тасымалының әлеуетіне немесе транзитті жүк ағымын тартуға кері әсерін
тигізетін фактор - баға саясатының қолайлы жағы ашық мәселе болып отыр.
4.Әзірбайжан, Грузия, РФ-ның территориялары бойынша өтетін транзиттік темір жол
тарифі мен Ақтау - Баку бағытындағы шығындарды салыстыру негізінде ТРАСЕКА дәлізі