Page 50 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

50
2.2 Ақтау теңіз сауда портының ресурстық көздері бойынша әлеуетін талдау
Ақтау портының өндірістік әлеуетінің жағдайы 2001-2007 жылдары қарқынды даму
үрдісімен ерекшеленіп отыр. Порттағы жалпы тасымал 2007 жылы 10 млн. 971,0 мың
тоннадан асып, 2001 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге өскен. Мұнай
тасымалының басқа жүк түрлерімен салыстырғанда қарқынды дамуы және көлемінің өсімі
байқалады. 2007 жылы порт арқылы 9 млн. 292,0 мың тоннадан астам мұнай
тасымалданған, сонымен қатар 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе ұлғайған.
2007 жылы мұнай тасымалының жалпы тасымалдағы үлесі 84,7% құрады, сонымен қатар
металл, бидай, паромдық тасымал, басқа және контейнерлі жүк тасымалдарының үлесі
айтарлықтай үлкен көлемде емес. Демек, аталған жүк тасқынының көрсеткіштерінің
төмен мөлшері порт тасымалына катысушы ұйымдар, компаниялардың белсенділік
қабілеттілігі мен мүдделеріне сәйкес факторға тәуелді екенін ескеруіміз қажет.
Астық тасымалының үлесі 2002 жылы басқа жылдармен салыстарғанда жоғары немесе
6.1%-ды құраған. Ал, 2007 жылға дейін жалпы жүк тасымалындағы астықтың үлесі 1,43%-
ға дейін төмендеген. Себебі, Иран мемлекеті Қазақстанның астық экспортаушысы ретінде
орын алып отырған. Бірақ. Иран мемлекеті өзінің азық-түлік бағдарламасын қабылдауы
себебінен бұл көрсеткіштің төмендеуіне әсерін тигізген.
Ақтау теңіз сауда портының ресурстық әлеуетінің құрамы жоғарыда келтірілген жүк
түрлерінің номенклатурасы бойынша сипатталынып отыр. Жалпы ресурстық көздері
бойынша әлеует жағдайының үрдісін нақтылы талдау мақсатында негізгі жүк түрлеріне
сипаттама береміз.
Металл. Ақтау портында өңделетін негізгі жүктер «Миттал Стил Теміртау» АҚ металл
өнімдері болып келеді. Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» АҚ метал өнімдерін
экспорттау бағытында Жаңа-ауыл-Ақтау-әрі қарай Иран порттарына айына шамамен 80
мың тонна тасымалданады.
Сонымен қатар Ақтау порты арқылы бірқатар шет мемлекеттердің металды тасымалдау
көлемі орын алып отыр.
Қазіргі уақытта Иран металлургиялық кәсіпорындарының қуаттылығы жылына 10,5 млн
тонна болатты құрайды, ал елдің экономикасындағы болат өніміне жыл сайынғы орташа
қажеттілігі 14-15 млн тонна құрайды.
Негізінде Иранның жартылай фабрикаттарынан арматура, ыстықтай және салқындай
илемделген болат парақтарды өндіру үшін пайдаланылатын болат құймалар мен
слябтарды импорттайды.
ИИР жартылай фабрикаттарының негізгі экспорттаушылары « Миттал Стил Теміртау»
АҚ, «Ресей металлургия комбинаттары («Уральская сталь» АҚ, «Мечел» АҚ және
«ЗапСиб» АҚ) болып келеді. «Миттал Стил Теміртау» АҚ өндіретін металл өнімдерінің
сапасының төменгі қайта болу саласында өте жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанның
жартылай фабрикаттарының Иранмен импортталатын көлемінің төмендеуі байқалмайды.
Қытайда металлургия өндірісі өнімінің арзан бағасына ( әлемдік өлшем бойынша)
қарамастан саланың рентабельділігінің өсуімен жылдамдатылады. Сонымен қатар,