Page 51 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

51
Қытайда болатты ішкі тұтыну жылына шамамен 10 пайызға өсіп отыр, бірақ өндірістің
өсуі одан едәуір озып отыр.
Осыған сәйкес бұрын өндірілген өнімнің маңызды бөлігін Қытайда іске асырып жүрген
«Миттал Стил Теміртау» АҚ металлургиялық комбинаты, қазір басқа тұтынушылардың
жағына қайта бағытталуға мәжбүр. «Миттал Стил Теміртау» компаниясының ақпараты
бойынша Қытай импорттаушы елден экспорттаушы елге айналып. комбинаттың өнімін
қажетсінбей отыр.
Қытай нарығын жоғалту, АҚШ-қа (болатты кіргізуге жоғары баж), Еуроодаққа (квоталар).
Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне (жоғары көліктік шығындар) өнімді өткізудің
қиыншылықтары салдарынан «Миттал Стил Теміртау» АҚ металлдарының жүк ағымын
динамикалық дамып жатқан Түркия, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, соның ішінде Иран
бағыттарына тұрақтылығын болжауға болады.
Сонымен бірге. ұлттық көліктік инфрақұрылымының қатысу үлесін ұлғайту бойынша, сол
сияқты Ақтау порты арқылы жүк тасымалдаудың өсуі. Новороссийск порты арқылы
экспортталатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ металл илемдерін қайта бағдарлау мәселесі
қарастырылуы мүмкін.
2008 жылы болат өнімінің дамуы бойынша мүмкін болжамдарды және «Миттал Стил
Теміртау» АҚ мен «Кастинг» ЖШС металл илемдеу өндірісін көбейту жөнінде
жариялауын ескере отырып, және де Ақтау портына транзиттік металл илемдеудің шағын
көлемін тарту жағдайында2008 жылы базалық болжам 1150 мың тоннаны құрайды, соның
ішінде:
− Ресей комбинаттарынан транзит илемдеу көлемі - 50 мың тонна;
− «Миттал Стил Теміртау» қазақстандық металлургиялық комбинатынан экспорттық жүк
ағымының көлемі -700 мың тонна;
− «Кастинг» ЖШС экспорттық жүк ағымының көлемі - 350 мың тонна;
− Металл сынықтарының экспорттық көлемі - 50 мың тонна. Сонымен, Ақтау портында
2008 жылы металлды ауыстырып тиеудің көлемі:
Ақпарат көзі: «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК 2008-2010 жылдарға арналған
қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары».
Астық. Қазіргі уақытта бірнеше факторлар әсерінен астыққа бағаның әлемдік өсуі
байқалуда. Еуроодақ, Канада және Украина елдерінде бидайды өндірудің көлемі
климаттық факторларға байланысты азаюы мүмкін. Астықтың едәуір көлемі биоотын
өндірісіне жұмсалу үрдісі байқалып отыр.
2007 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі
салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша
20,1 млн. тоннаны құрады. Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және
саланың табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2007 жылы экспортқа 6,8 млн.
тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1,5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл
астыққа айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен астыққа шаққандағы ұнды