Page 49 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

49
Ал жобаның негізгі кемшіліктеріне келесілер жатады:
− жер үсті көлігі мен әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен көлемдегі инвестицияның
қажеттілігі;
− егер мұнай экспорты 2015 жылы құбыр арқылы тасымалданған жағдайда бөлінген
инвестицияның белгілі бір бөлігінің қайтарылмай қалу қауіпі туындауы мүмкін;
− құрғақ жүкті тасымалдау үшін тасымалдау жағдайларының жоқтығы, осы себептен
Ақтау порты мен салыстырғанда құрылыс қымбат болуы ықтимал;
− Ақтау портымен салыстырғанда экспорт көздерінен үлкен арақашықтықта орналасуы;
жобаны басқару бойынша талаптардың күрделілігі;
Ақтау порты мен салыстырғанда жобаның жүзеге асуы ұзақ уақытты алуы мүмкін және
Қашағанда мұнай өнеркәсібінің басталу уақытымен сәйкес келмеуі мүмкін;
− Қорытындылай келе, отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі
мүмкіндіктері келесідей:
1. Теңіз көлік әлеуеті халықаралық көлік дәліздеріндегі позитивті және негативті
факторларға тәуелді болып табылады. Позитивті факторлар қатарына: өнеркәсіп
өндірісінің қолайлы даму үрдісі және Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі мұнай
өндірудің және жүк тасымалының қарқынды дамуы; өнеркәсіп өндірісінің көлемін
ұлғайту бойынша кәсіпорын қызметіне мемлекет тарапынан қолдаудың орын алуы; Иран
мен Қытай нарығының Ресей, Батыс Европа және т.б. елдерге жүк тасымалының белсенді
бағытталуы.
Негативті факторлар қатарына: мұнайдың құю мен тасымалдау көлемі порт өндірісінен
тәуелсіз және шектеп жатқан өндірістік инфрақұрылыммен байланысты болуы; экспортқа
бағытталған кәсіпорындармен салыстырғанда географиялық орналасуы қолайлы –
бәсекелес порттардың көптігі; КТК мұнай құбырын пайдалануға ендіру және осы құбырға
«ТШО» өндіретін мұнайды тасымалдау көлемінің ұлғаюы; тарифтік саясатты икемді
жағдайда реттеу мүмкіндігінің шектеулілігі;
2. Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының артықшылықтары мен
ерекшеліктері құрғақ жүктерді өткізу бойынша қуаттылықтарды пайдалану
мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар, кемшіліктер қатарына: мұнай тасымалдау
айлақтарының жеткілікті тереңдікте болмауы, көлік тасымалы мен жүк сақтау
қоймаларының дамуына қажетті жер учаскелерінің шектеулі мөлшері, қаржыландыруға
сәйкес талаптардың күрделілігі және әлеуетті инвесторлардың белгісіз болып
отырғандығы жатады.
3. Құрық портының негізгі артықшылықтарына терең сулар (20 метр) тереңдікке дейін
және ірі кемелерді пайдалану мүмкіндігі жатады. Ал бұл порттың негізгі кемшіліктеріне
құрғақ жүкті тасымалдау үшін тасымалдау жағдайларының жоқтығы, осы себептен Ақтау
портымен салыстырғанда құрылыс қымбат болуы және экспортталатын жүкті
қалыптастырушы көздерден үлкен арақашықтықта орналасуын жатқызамыз.