Page 4 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

4
және даму бағдарламаларын перспективалы іске асыруды ескеретін деңгейге дейін кезең-
кезеңімен жеткізе отырып дамыту».
Мемлекет тарапынан әзірленген стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру барысында
қазіргі күні проблемалы мәселелердің орын алып отырғандығын ескеруіміз қажет. Бұл
проблемаларға келесі факторлар әсерін тигізіп отыр; көлік қызметінің бәсекелестік
қабілеттілігінің төмендігі; транспорттық дәліздердің техникалық жабдықтануы
халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі; теңіз көлік инфрақұрылымында контейнерлі
жүк тасымалдау мүмкіндігінің төмендігі; жүк тасымалдауда тартымды тариф режимінің
жоқтығы; шекаралық аймақта жүк тасымалын рәсімдеу жұмыстарының күрделілігі;
халықаралық теңіз көлік нарығында бәсекелес порттардың қызметі.
Аталған проблемалардың шешілу мүмкіндігін арттыруға әсерін тигізетін теңіз көлік
әлеуетін дамытуға бағытталған осы жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.
1. ТЕҢІЗ КӨЛІК ӘЛЕУЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық әлеуеттің маңызды құрамдас бөлігі - теңіз көлік әлеуетінің
теориялық астары
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы тұрақты даму үрдісін өткеріп
жатқандығы белгілі. Бұл жетістіктің басты себебі ретінде шикізат өнімдерінің әлемдік
нарықтағы жоғары бағасымен байланыстыруға болады. Дегенмен тек қана шикізат
өнімдерінің бағасының жоғары деңгейі уақытша құбылыс екенін ескеретін болсақ,
экономика салаларының сыртқы экономикалық факторлардан тәуелсіз дамуын
қамтамасыз ететін саясатты жүргізу басымды да, басты мақсат болып отыр.
Кез келген мемлекеттің нарықты экономикада экономикалық тұрақты дамуының мақсаты
- ішкі қажеттілікті қанағаттандыру және әлемдік шаруашылық қатынастарда тиімді
байланыс жасау. Аталған мақсаттардың жиегіне жету көптеген міндеттердің шешуін талап
етеді. Демек, біздің ойымызша нарықтық үдеріске қатынасушылардың мүдделерін
барынша ескеру мен қамтамасыз ету қажет. Ол өз алдына белгілі бір талдау, бағалау
шараларымен іске асуы тиіс, яғни мемлекеттің экономикалық қуаттылығының
жинақталған ресурстарының мөлшерімен және әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану
деңгейімен анықтау қажет. Отандық тәжірибеде мемлекеттің экономикалық қуаттылығын
бағалау көрсеткіші ретінде шаруашылық жүйенің экономикалық әлеуетінің көрсеткіштері
пайдаланған. Сондықтан белгілі бір сала жүйесіне қатысты әлеуетті бағалау нақтылы
мәліметтер арқылы оңды және теріс үрдістерін анықтау арқылы жүргізіледі.
Осыған сәйкес жалпы әлеует ұғымын, экономикалық әлеуеттің құрамдас бөлігі болып
табылатын теңіз көлік әлеуетін зерттеу өзекті болып отыр, себебі зерттеу арқылы теңіз
көлік қызметінің ішкі мүмкіндіктерін анықтау арқылы жалпы теңіз көлігінің
экономикалық әлеуетке ықпалын анықтай аламыз.
XX ғасырдың 70-80 жылдары потенциал ұғымының әр түрлі қырларына арналған
көптеген зерттеулер орын алған. Потенциалогияның базалық ұғымдық-категориялық
аппаратын қарастырайық.