Page 3 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

3
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕҢІЗ КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ
Монография
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты
экономиканың маңызды салаларының бірі - көлік саласын басымды бағыттардың бірі
ретінде айқындағаны ақиқат. Мемлекет тарапынан «Қазақстан 2030 жылға дейінгі
дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-201 5 жылдарға дейінгі
индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының
2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы», секілді
бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы белгілі,
сонымен қатар Қазақстанның халық аралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен
экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы
белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік
пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе
болып отыр.
Көлік саласы қоғамдық ұдайы даму өндірісін дамытуға маңызды ықпалын тигізетін сала
болғандықтан көлік саласы әлеуетінің деңгейі жоғары болуы тиіс. Осы ретте көлік
саласының құрамдас бөлігі теңіз көлік саласының транзиттік, ресурстық, өндірістік, еңбек
әлеуетінің дәрежесінің еселеп дамуы маңызды. ТРАСЕКА және Оңтүстік-Солтүстік
халықаралық көлік дәліздерінің даму қарқынына байланысты Каспий аумағындағы
отандық теңіз көлігінің тартымдылығы мен транзиттік мүмкіндіктері артып отыр. Себебі,
Қазақстан Каспий аумағында жүк тасымалының негізгі қалыптастырушысы ретінде орын
алса, халықаралық дәліздегі Астрахань, Түркменбашы, Махачкала порттары бәсекелес
порттар болып табылады. Сондықтан теңіз көлігінің бәсекелестігін көтеру мен элеуетін
дамыту жалпы жүк тасымалын халықаралық стандарттарға сәйкес өңдеу, тасымалдау
жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қызметімен жүзеге асырылады.
Демек, еліміздің теңіз көлік әлеуетін дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылығы мен аймақтың дамуына, сонымен қатар халықаралық көлік дәліздерінде
таранзитті мүмкіндігі жоғары теңіз көлігінің қалыптасуы мен дамуына әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында көлік саласының дамуына
байланысты: «Қазақстанның көлік-коммуникаңия кешенінің басты мақсаты еуразиялық
көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа
мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық
орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс.
Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен
арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет» делінген. Сонымен қатар теңіз көлік
саласының әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
Көлік стратегиясында келесідей жоспарланған: «Теңіз порттарының өндірістік қуаттарын
кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау; Каспий теңізінің қазақстандық
бөлігінде жүктерді (порттарды) ауыстырып-тиеудің балама бекеттері инфрақұрылымын,
олардың қуаттарын, жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін