Page 5 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

5
«Потенциал» термині (лат. potentia-күш, қуат) − И.А.Васюкованың шетел тілдерінің
сөздігінде белгілі бір облыста белгілі бір әрекетке қажетті колда бар күштің, құралдың,
мүмкіндіктердің жиынтығы дел пайымдаған. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында
«потенциал» термині − «...белгілі бір мақсатқа жету үшін, жоспарды жүзеге асыруға
қажетті пайдаланатын қолда бар және мобилизацияға келетін құралдар, қорлар, көздер;
белгілі бір міндетті шешу; жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің білгілі бір саладағы
мүмкіндіктері».
С.И. Ожеговтің Орыс тілінің сөздігінде, К.А. Тимофееваның заманауи әдеби орыс тілінің
сөздігінде, A.M. Прохорованың заманауи энциклопедиалық сөздігінде «потенциал»
ұгымы «берілген нүктедегі күшті сипаттайтын физикалық өлшемі»; белгілі бір жағдайға
байланысты қуаттың дәрежесі (деңгейі), белгілі бір жағдайға қажетті құралдар мен
мүмкіндіктердің жиынтығы» деп анықтама берген.
Әлеует теориясына арналған ресейдің экономист-ғалымдарының пікірін ортаға салатын
болсақ, ол келесідей сипат алып отыр.
Әлеует теориясы бойынша бағалау көрсеткіші ретінде «экономикалық әлеует» терминінің
мән мағынасына арналған еңбектер кездеседі. Экономикалық әлеуеттің мағынасын ашу
бойынша бірқатар анықтамалар, сипаттамалар, амалдардың кездесетінін назарға ала
отырып келесідей жіктеуге болады.
1. Экономикалық әлеует − халық шаруашылығы салаларының жиынтық қабілеттілігі
ретінде. Мысалы, Б.М. Мочалов бұл терминді «...өнеркәсіптік, ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруге және күрделі құрылысты жүргізуге, жүкті тасымалдауға, халыққа
қызмет жасауға бағытталған халық шаруашылығы салаларының жиынтық қабілеттілігі»
деп анықтама берген. Бұл анықтамада экономикалық әлеуеттің тек қана бір қыры -
шаруашылық механизмінің өндірістік функцияны атқару қабілеттілігін көрсеткен.
Дегенмен, бұл анықтама маңызды болып табылады, бірақ экономикалық әлеуеттің
сипаттамасын кеңінен ашуға жеткіліксіз.
2. Экономикалық әлеует − өндірістік процеске қатысты ресурстардың жиынтығы ретінде.
Бұндай пікір Б. Плышевскийдің, А.Тодосийчуктің, Цыгичконың жарияланған
еңбектерінде кездеседі. Демек, олардың ойынша «әлеует» ұғымы «ресурс», «инвестиция»,
«инвестициялық ресурс», «жұмысбастылардың саны» секілді ұғымдармен үйлесімді түрде
сипаттайды. Біздің ойымызша, егер «әлеует»терминін ресурстық астарда қарастыратын
болсақ, онда өзіне тән ерекшелік сипаты қалыс қалып, басқа экономикалық
категориялардан айырмашылығы болмай қалады. Мысалы, ұлттық байлық, ресурс,
материалды-техникалық база секілді ұғымдардан айырмашылығы орын алады. Сонымен
қатар, ұлттық байлық - халықтың өткен шақтағы және қазіргі уақыттағы еңбекпен
тұрғызған материалды игіліктердің және ұдайы өндіріс үдерісіне қосқан қоғамның
қолданатын табиғи ресурстарының жиынтығы ретінде тұжырымдасақ, онда «ресурстар» -
экономикалық қызмет субъектісінде тәуелсіз орын алады, ал қоғамның, кәсіпорынның
«әлеуеті» белгілі бір қызметтің субъектісінен туындауы мүмкін. Осы орайда О.Ж.
Алиевтің «...ресурсты» - жүйенің сыртқы және/немесе ішкі аясында пайда болған
энергиясы, заты, ақпараты және сол жүйенің орын алуына, қызметіне, дамуына
базалық/негізгі (исходный) материалы» деп анықтама беріп отырғанын назарға алсақ,
ресурстың экономикалық субъектіге тәуелсіздік жағдайда қалып отырғандығын көруге
болады.