Page 39 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

39
2.1 Халықаралық көлік дәліздеріндегі Қазақстан теңіз көлік әлеуетінің нақтылы
мүмкіндіктері
Еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп
жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес, қайта еселене дамуда.
Белгілі-бір шамада көлік саласы Қазақстанда дамыған, әйткенмен де көлік кешені соңғы
жылдары өзгерістерге ұшырағандығы белгілі. Біріншіден, Кеңес Одағының құлауына
байланысты бұрынғы одақтық республикада ортақ көлік түрлері еркіндігін алып, жеке
мемлекеттердің меншігінде кетті. Әсіресе теңіз порттары тарихи қалыптасқан Ресей,
Украина, Балтика, Кавказ елдерінің еншісінде қалды. Екіншіден, нарықтың дамуы
көліктің кешенді дамуын талап ете бастады. Негізгі қаржы және тауар ағыны АҚШ-
Еуропа-Азия үшбұрышында шоғырланатынын назарға алсақ, оларға негізгі жүк
жасаушылар Оңтүстік Шығыс Азия елдері - Қытай және Жапония десек Қазақстан
Республикасында сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту Қазақстанның өзінің
географиялық орналасуын дүниежүзілік экономикадағы жүк тасқынында Каспий
аймағында да Қара теңіз және Жерорта теңізі бассейіндегі аймақтарында да тиімді
позицияларға шығарады.
Сауда мақсатында теңізде жүзудің дамуы республиканың экспорттық-импорттық көліктік
мүмкіндіктерінің іске асуына және дүниежүзілік өндірісте өз орнын анықтауға, сондай-ақ
халықаралық еңбек бөлінісіндегі тиімділікті пайдалануға көмектеседі.
Ұзақ мерзімді келешекте көлік кешені жан-жақты іске асу стратегиясына ілесуге тиіс,
мұның өзі ұлттық нарықты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және
коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа нарықтар іздеуге саяды. Бұл стратегия
көлік түрлерін жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын
барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығыстарын
кемітуге жәрдемдесетін болады.
Жалпы еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық- импорттық жүк
тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамыту,
әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңызды болып отыр. Оған себеп Каспий
маңындағы мемлекеттермен байланыс қана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясы кеме
жүзетін өзендер мен каналдары арқылы Қара және Балтық теңіздеріне шығу мүмкіншілігі
болып отыр. Экспортты, импортты және транзитті тасымалдаудың дамуында теңіз
көлігінің әлеуеті мен болашағы негізінен Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен тығыз
байланысты.
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орны ерекше және халықаралық көлік
дәліздерінде стратегиялық маңызы бар отандық кәсіпорын болып табылады.
Қазіргі күні Ақтау порты Каспийдің заман талабына сай порты болып табылады және порт
қызметіндегі барлық кешенінде халықаралық стандартты қамтамасыз ететін техникалық
жарақтануы көп мақсатты терминал ретінде орын алады.
Ақтау порты - Қазақстанның теңіз жолына шығатын бірегей орын. Порттың мүмкіндігі
шетелдің нарығына шығуға мүмкіндік беріп отыр (Ресей, Иран, Әзірбайжан,
Түрікменстан), ол арқылы Қаратеңізге, Қызыл теңізге, Араб теңізіне және көлік қатынасы