Page 38 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

38
Ғаламдасу жағдайында Қазақстан территориясының кеңдігін ескере отырып,
экономиканың және мемлекеттің бәсекелестік қабілеті көбінесе көлік-байланыс кешенінің
тиімді қызмет етуіне байланысты. Отандық тауарлар, қызметтер және жалпы
экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілділігі мемлекеттің көлік және транзиттік
саясатына сәйкес келетін, жоғары технологиялық көліктік инфрақұрылым болып
табылады.
2006 жылдың 11 сәуірінен №86 Қазақстан Республикасының Бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында, көліктік
инфрақұрылым және тасымалдау саясатын дамыту аумағындағы мемлекеттік саясаттың
басымды бағыттары анықталған, бұл бағыттар өз кезегінде көліктік жүйенің бірлігін және
кешенділігін қамтамасыз етуге және салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негізін құруға
бағытталған.
Су көлігінің саласында инфрақұрылым саясатының басымды бағыттары теңіз сауда флоты
мен теңіз порттарының дамуы болып табылады.
2006-2015 жылдарға алынған Көлік стратегиясына сәйкес Каспий теңізінің Қазақстан
секторын
игеру
және
Қазақстанның
мұнай
өндіру
аумақтарын
дамыту
бағдарламаларының жүзеге асырылуын ескере отырып, жүк тасымалының өсімін
болжауын қамтамасыз ететін деңгейіне дейін теңіз порттарының өндірістік және
тасымалдау қуаттылығын кеңейту жоспарланған.
Көліктік кешенді дамытудың аймақты және республикалық бағдарламалары негізінде
саладағы инвестициялық қызмет жүзеге асырылады. Инвестициялық мүмкіндіктердің
шектеулігіне байланысты мемлекеттік қолдау көрсету басымды бағдарламаларды тікелей
қаржыландыру түрінде орындалады. Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар
белгіленген басымдықтарды қарастыра отырып, таңдау сипатына мүмкіндігі бар. Демек,
жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Қорытындылай келе, теңіз порттары әлеуетін саралау нәтижесінде келесідей ұсыныстар
беріп отырмыз:
1. Ақтау халықаралық теңіз сауда портына бәсекелес порттар, яғни Ресейдің Астрахань,
Махачкала, Оля және Түркменстанның Түрменбашы порттары болып табылады. Ақтау
порты арқылы өтетін транзитті жүк тасымалын ынталандыру мақсатында теңіз
инфрақұрылымының қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес сервистік қызметін
жетілдіру қажет.
2. Іскерлік серіктестік қызметіне Иран Ислам Республикасының Анзели порты, Ноушахр,
Нека, Амирабад порттары жатады. Иран Ислам Республикасының метал өңдеу
өнеркәсібінің дамуына байланысты Ақтау порты арқылы транзитті металл тасымалын
бағыттау қажет.
3. Теңіз порттары әлеуетін тиімді пайдаланудың халықаралық тәжірибесі негізінде Ақтау
халықаралық теңіз портының инфрақұрылымын жандандыру мақсатында қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды ендіру, контейнерлі жүк тасымалын дамыту, көлік ағымын
автоматтандыру жүйесімен басқару, инновация мен инвестицияны ынталандыру
шараларын қарастыру қажет.