Page 40 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

40
шығындарын азайту арқылы сыртқы сауда операцияларын басқа да шет мемлекеттерімен
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін осы мүмкіндікті қолдан жібермей әлемдік нарыққа шығуды көздеу басты
мақсат болғандықтан, уақытша салықтық және кедендік алымдардан зардап шеккенмен
ұлттық масштабта келешекте еселеп табыс алуға болатыны анық.
Ақтау порты арқылы жүк тасымалдауға тек Қазақстанның кәсіпорындары мен
ұйымдарынан басқа (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола, Қарағанды), Ресей территориясындағы аймақтар (Орал аумағы, оның
шығыс бөлігі, Батыс-Сібір және Шығыс -Сібір аймақтары) мүдделі.
Қытайдан келетін жүк ағымының Таяу Шығысқа, Кавказға жүретін бағытын Ақтау порты
арқылы өткізу тиімді. Егер бірыңғай транзиттік тариф Қазақстан мен Ақтау порты арқылы
болса, көлік шығыны 3-4 есеге кеміген болар еді.
Сондықтан, Ақтау порты арқылы шектесетін теңіз жүк тасымалы бойынша келесі
бағыттар басымды болып отыр:
− Қазақстан, Ресей (Орал, Сібір);
− Кавказ, Иран, Түркия;
− Иран арқылы Персия шығанағы мемлекеттеріне, Пәкістанға, Индияға шығу;
− Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттеріне - Кавказ, Батыс Еуропа мемлекеттері -
ТРАСЕКА маршруттары, Ресейдің еуропалық бөліктеріне шығу;
− Кавказ, Иран, Түркия - Қазақстан, Орталық Азия;
− «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі.
Иран бағыты - Иран Ислам Республикасына экспорттық-импорттық жүктермен және
парсы шығанағы елдеріне транзитпен тікелей су байланысы. Бұл бағыт Қазақстанның
Ақтау-Ноушахр паромдық желілері бар Иранмен байланысатын халықаралық сауда жолы.
Иран әлемде бидайдың ірі импорттаушысы болып табылады және халық санының еселеп
өсуі бидайға деген сұранымның кепілі болып табылса, Қазақстан өткізудің кепілді жолына
кенелмек. Иран арқылы араб мемлекеттерінің Таяу және Орталық Шығысқа ауқымды
бидай нарығының ашылуына мүмкіндік арта түседі.
Иранның сыртқы сауда-саясаты екі мақсатта қалыптасып келеді:
− аймақтық шаруашылықты жүзеге асыруда маңызды орын алу;
− мұнай экспортынан тәуелділік жағдайды төмендету.
Осы екі мақсат Ақтау портының мүддесімен сай келіп, сыртқы экономикалық байланысты
дамытуға, ғаламдасу жағдайында белгілі бір позиция ұстануға мүмкіндік береді.