Page 22 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

22
1. Жүктердің, оның ішінде ауыр жүктердің де сенімді сақталуын қамтамасыз ететін
өндірістік аудандар(50 мың м-тан астам ашық және 6000 м
2
тай жабық транзиттік
коймалар).
2. Басты және қосымша жүктерді өңдеу үшін 3 әмбебап айлақ. 1 - ші айлақ бидайды
экспорттау және ауыр жүктерді тасымалдау, ұзындығы 550 м дейін жететін бір уақытта 4
кемеге қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар «Ро-ро» түріндегі кемелерге арналған.
3. Аралас теміржол-су бағыттарындағы вагондарды шығарып кіргізуін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін теміржол паром кешені.
4. Жылына 600 тоннаға дейін өңдеу қуаттылығы бар және сонымен қатар 25000 тоннаға
дейін дәнді дакылдарды сақтау мүмкіндігі бар астық терминалы.
5. 12000 тоннаға дейін өлшеуіші бар, бірдей 4 танкерді өңдеу мүмкіндігі бар 4 мұнай
құйылатын айлақ.
6. Контейнерлердегі жүктер және басты жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін құрал-
жабдықтар.
Қорыта келгенде, теңіз көлік инфрақұрылымының көлік әлеуетін арттырудағы қызметі
ұдайы даму өндіріс процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірісте өндірілген материалды
құндылықтарды тұтынушыға жеткізу процесіне үзіліссіз қызмет атқарады. Көлік
саласының ұлттық және әлемдік экономикалық қатынастың байланысына ықпалын тигізу
үшін экспорттық әлеуеттің деңгейін жоғарылату мақсатында теңіз көлік
инфрақұрылымының өндірісітік қуаттылығының жүктелуіне, жалпы жүк тасымалының
қарқынына әсерін тигізе отырып, жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Теңіз көлік инфрақұрылымы жалпы көлік саласының кұрамдас бөлігі ретінде көлік
әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Теміржол станциялары, автомобиль және
өзендердің кірме жолдары. жүктік, қоймалық терминалдар, айлақтардың әлеуетін
пайдалану, контейнерлік жүк сақтау, жүк тасымалдау қызметтерін жетілдіру, өндіруші
мен тұтынушы арасындағы байланысты нығайтады.
1.3 Теңіз порттары әлеуетін тиімді пайдаланудың халықаралық тәжірибесі
Жүк тасымалының әлеуетін арттыру мен транзитті жүк тасымалын жеделдету қызметін
нарыққа қатынасушылардың іс әрекеті ретінде және сол арқылы жалпы ішкі өнімнің
дамуына ықпалын тигізетін үлесі жағынан қарастырып қана қоймай бұл үдерісті еліміздің
сыртқы экономикалық байланыста және «Солтүстік - Оңтүстік», «ТРАСЕКА»
халықаралық көлік дәліздерінде бекем орын алуына мүмкіндік беретін басымды бағыт
ретінде қарастыруымыз керек.
Көптеген дамыған мемлекеттерде, әсіресе Еуропаның Польша, Германия. Венгрия, Чехия,
Австрия, Голландия және Балтық мемлекеттері шағын территориясы мен ыңғайлы
географиялық орналасуы арқасында транзит жүк тасымалын өздерінің бюджетіне түсетін
түсімдерінің маңызды бөлігіне айналдырып отыр. Соның ішінде Голландия айтарлықтай
әлеуеті болмаса да, Еуропаның маңызды транзитті жүк тасымалының торабы болып
саналып келеді. Голандияның жалпы экспорттық қызмет көлеміндегі 40% үлесті транзитті