Page 21 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

21
− ішкі су және теміржол көлігіндегі жүк тасымалдау жұмыстарын барлық қызмет
көрсететін кәсіпорындарға әзірлеу.
Өзінің тиісті ерекшелігіне сәйкес Ақтау теңіз-сауда порты және оның инфрақұрылымы
жалпы тасымалдау қызметінің үйлесімді кооперациясына айналу басты мақсат болуы тиіс.
Теңіз порты - басқа салалардан бірегей ерекшелігімен, яғни жерүсті көлік
инфрақұрылымдарымен торабты деңгейде қатынасы, өндіріс процесі кезінде өндіріс
құралы болып табылатын кеңістік-уақыт синтезін үйлестірумен, басқа экономика
салаларымен өзара ықпалдасу қасиетімен көлік әлеуетінің дамуына орасан ықпал
келтіретін экономиканың маңызды саласы ретінде тұжырымдау қажет.
Теңіз көлік инфрақұрылымына-теңіз портындағы қызметтерді және кеме қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған порт территориясына жататын айлақтар, каналдар, басқада
гидротехникалық құрылғылар және портқа тиесілі су айдыны, якорлі тұрақтар, теңіз
терминалдары, сүйреткіштер, мұз жарғыштар, навигациялық жабдықтар, тиеу/түсіру
құрылғылары, теміржол және автомобиль жолдары, қоймалар мен ғимараттар, түрлі
құрылғылар кіреді.
Порт инфрақұрылымы ұғымына бұдан басқа кез келген инфрақұрылым үшін өздерінің
мағынасы бойынша сәйкес келетін келесі үш құрамдас бөліктерді қосуға болады.
Біріншіден,
порттардың
материалды
объектілерінен,
кірме
каналдарынан,
гидротехникалық құрылғылардан және т.б. объектілерден құралған инфрақұрылым
жүйесі. Екіншіден, инфрақұрылымдық операциялар, яғни инфрақұрылым жүйелерін
пайдалану бойынша жұмыс істеу қабілеттілігін және тиімді жағдайын қамтамасыз ететін
адамдардың қызметі. Үшіншіден, инфрақұрылымдық нарықтар - бұл теңіз порттарындағы
жүкті өткізу қабілеттілігі бойынша нарықтағы ұсыныстарды және су көлігінің қызметін
тұтынушылар тарапынан сұранысты қалыптастырады.
Сонымен теңіз портының маңызды сипаты - бұл ұлттық экономика үшін қомақты
экспорттық-импорттық ағымдарды қамтамасыз ететін сыртқы экономикалық кәсіпорын
болып табылады.
Экспорттық-импорттық жүк ағымы Порт әкімшілігінің бақылау және қадағалау
жұмыстары негізінде есепке алынады. Жүк тасымалының портқа жеткізу механизмін
қамтамасыз ететін негізгі ннфрақұрылымдары ретінде теміржол, автожолдар және мұнай
құбыры өз қызметін атқарып отыр. Жүктүрлерінің ерекшелігіне сәйкес астық терминалы
мен жабық және ашық қоймаларға бағытталынады. Қоймалар арқылы айлақтарға жүкті
тиеу/түсіру жұмыстары арнайы құрылғылар мен жабдықтар арқылы қамтамасыз етіліп
отырады. Астық терминалының көмегімен астық айлағындағы паромға астықты арту
арнайы қондырғылар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады. Құрғақ жүктерді
тиеу, түсіру жұмыстары арнайы порттың крандары арқылы орындалады. Мұнай
құбырымен мұнай айлағы арасында тікелей байланыстың орын алып отырғандығын
көреміз.
Порт қызметінің жүктерді тасымалдау, транзиттік жүк ағымын өңдеу жұмыстары аталған
инфрақұрылым объектілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ақтау порты әртүрлі мақсатта пайдалануға болатын терминал болып табылады. Сонымен
қатар экспорттық-импорттық жүк тасымалдайтын порттың инфрақұрылымының әлеуеті
келесідей: