Page 23 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

23
жүк тасымалы кұрап отыр.
Көлік қызметі нарығындағы порттық сегментте теңіз порттарының толыққанды қызмет
атқаруы мақсатында әлемдік тәжірибеде логистикалық жүйенің дамуы, яғни жүкті
тұтынушыға таратудың шоғырланған жүйесі дамыған және жүк түрлерін тұтынушыға
сапалы деңгейде жеткізу дамып келе жатыр. Бұл үрдістің Украина, Қытай, Нидерланды,
Ресей және т.б. мемлекеттерде дамуы мен транзитті жүк тасымалын тарту мақсатында
ынталандыру шаралары жүргізіледі.
Демек, бұл үрдістің Қазақстан Республикасының теңіз көлік әлеуетінің дамуына бәсекелес
болуы ақиқат.
Еліміздің көлік жүйесінде, соның ішінде теңіз көлік әлеуетінің өндірістік
қуаттылықтарының резерві бар, дегенмен келешектегі транзитті жүк ағымы мен
жолаушыларды толық және сапалы деңгейде тасымалдау қабілеттілігі шетел бәсекелес
теңіз порттарымен салыстырғанда әлеуеті төмен. Оған себеп болатын әр түрлі көлік
түрлерінің негізгі кұралы тозығы жеткен, келген жүкті қабылдау қабілеттілігінің
шектеулігін айта аламыз.
Шетелдердегі порттардың негізгі қызметтерініңбірі көлік қызметі нарығындағы
субъектілердің арасында әр түрлі байланыстарды қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты экономиканың көп түрлі салаларының дами бастағаны байқалады,
мәселен көлік саласымен қатар өнеркәсіп, қамтамасыз ету. сауда, экспедиторлық
салалардың, басқада қызметтердің дамуын айтуға болады. Сондықтан көптеген шетелдің
теңіз порттары жүк тарататын логистикалық орталықтардың қызметін атқарып отыр
(Атверпен, Амстердам, Роттердам, Ғамбург, Дуйсбург, Ғанновер, Бремен, Руан және т.б.).
Сондықтан.да қазіргі күні теңіз порттары сыртқы сауданы ұйымдастыру жүйесіндегі
стратегиялық объект болып табылады. Порт орналасқан аймақтың экономикалық-
әлеуметтік дамуының орталығы ретінде орын алады.
Шетелдік тәжірибені зерттеу кезінде порт қызметіне қатысты назар аударатын жағдайлар
бар. Ұлттық порт жүйесінің мақсаты жеке порттардың мақсатынан үстем болуын және
елдің дамуына ықпалын тигізуін көздейді. Бұл экономикалық тұрғыдан қарағанда ұлттық
порт жүйесі арқылы транзиттік тауарларды тасымалдаумен байланысты жиынтық
шығындарды төмендету саясатын ұстануын көрсетеді. Порт арқылы өтетін транзиттік жүк
тасымалының құны теңіз тасымалының жиынтық құнының, сонымен қатар экспортты-
импортты жүктердің құнының маңызды элементі болып табылады.
Порт қызметтерінің әлемдік тәжірибесін талдау кезінде көптеген елдерде мемлекет
тарапынан портқа деген үлкен назардың ауып отырғандығын байқауға болады. Синғапур,
Гонконг, Нидерланды, Белгия және т.б. елдерде порт қызметіне ендіріп отырған
инновациялық тиімді жобалар орын алып отыр. Ал, дамыған мемлекеттерде порт қызметі
ұлттық экономикада аса маңызды, басымды сипат алмайды. бірақ тауар ағымын тұрақты
қамтамасыз етіп отыратын объект ретінде орын алады.
Теңіз порттары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қытайдың тәжірибесін назарға
алатын болсақ, ол елде арнайы экономикалық аймақ ұғымының орнына баж салығынсыз
аймақ ұғымы орын алады. Бұл аймақтың портпен біріккен қызметі моделі ұсынылған. Бұл
модельдегі қызметте, яғни баж салығынсыз аймаққа іргелес жатқан порттерриториясында