Page 13 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

13
саласының ресурстық көздері бойынша және өндірістік факторларының әлеуетті
мүмкіндіктері жиынтық күйде пайдаланады. Ресурстық көздер мен өндірістік
факторлардың әлеуетті мүмкіндіктерді пайдаланудың нәтижесі ретінде өндірушілер мен
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруымен сипатталады. Ресурстық және
өндірістік әлеуетті пайдалану кезінде де, соңғы нәтижеде де жетілген көлік әлеуеті
туындап, нақтылы жеткен деңгеиін көрсетеді және ол өзара байланыста жүреді. Ал,
перспективалы теңіз көлік әлеуеті колда бар ресурстарды тиімді пайдалану мен басқару
жүйесінің ұдайы өндіріс үдерісіне ықпалын тигізетінін ескеру арқылы келешекте барынша
мол әлеуеттің мүмкіндігін сипаттайды.
Осылайша «теңіз көлік әлеуетінің» қалыптасуы мен дамуы жалпы елдің экономикалық
әлеуетінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Теңіз көлік әлеуетінің ғылыми теориялық негіздерін саралай отырып, келесі
тұжырымдарға қол жеткіздік:
1. «Экономикалық әлеует» - бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда
бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы, коғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты
тауарлар мен қызметтермен барынша қанағаттандыру және қалыптастыру
мүмкіндіктерінің жиынтығы болып саналады.
2. Экономикалық әлеует туралы бірқатар анықтамалар мен тұжырымдарды талдау арқылы
экономиканың маңызды салаларының бірі көлік саласындағы теңіз көлігінің әлеуеті
жөнінде зерттеу жүргізілді. Қоғамның экономикалық әлеуеті жалпылама сипат алса,
белгілі бір саланың әлеуетінің ерекшелігі мен астарлы қырлары өзіне тән ерекшелігімен,
сипатымен, бағалау тәсілімен сипатталады.
3. Ресурстық көздер мен өндірістік факторлардың әлеуетті мүмкіндіктерді пайдаланудың
нәтижесі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандуруымен
сипатталады. Ресурстық және өндірістік әлеуетті пайдалану кезінде де, соңғы нәтижеде де
жетілген көлік әлеуеті туындайтыны белгілі, ал, перспективалы теңіз көлік әлеуеті қолда
бар ресурстарды тиімді пайдаланып, ұдайы даму өндіріс үдерісіне ықпалын тигізеді,
сонымен қатар басқару жүйесінің келешекте әлеуеттің артуына әсері бар.
Жоғарыда келтірілген өндіргіш күш ретінде қарастырып отырған ресурстық және
өндірістік факторлар әлеуетінің құрамындағы - жалпы көлік саласының, теңіз көлік
саласы инфрақұрылымының, соның ішінде көлік әлеуеті маңызы мен өзіне тән
ерекшелігімен сипатталатынын назарға алсақ, онда теңіз инфрақұрылымының көлік
әлеуетін қалыптастырудағы мазмұны мен мәні келесі бөлімде орын алып отыр.
1.2 Теңіз көлік инфрақұрылымының көлік әлеуетіндегі орны мен ерекшеліктері
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде үзіліссіз дамуды қамтамасыз етуге, сонымен қатар
адамның көптеген қажеттіліктерін орындауға зор ықпалын тигізетін көлік. Көлік өндіруші
мен тұтынушы арасындағы қажеттілікті қанағаттандыратын экономиканың саласы болып
табылады.
Көлік қызметі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін көтеруге бағытталған
экономикалық қызмет ретінде қарастырамыз.