Page 14 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

14
Көлік-экономиканың саласы ретінде өзіне тән ерекшелігі болып, оның материалды өнім
шығармай, тек өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды қамтамасыз етіп,
тұтынушыға дайын өнім жеткізуге септігін тигізеді.
Көлік өз алдына әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды орын алады.
Көлік материалды өнімді шығармаса да, өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысады және
көлік шығындары тауардың құнында орын алады. Кейбір өнеркәсіптің салаларында,
мәселен орман, мұнай өнеркәсіптерінде көлік шығындары 50% -дан асуы мүмкін. Негізгі
өндірістік қорлары мен ресурстары бірқалыпсыз орналастырылған, ауқымды
территориясы мен халқы бар Қазақстан Республикасы үшін көлік факторының үлкен
маңызы бар. Сондықтан көлік - кез келген экономиканың құрамдас саласы болып
табылады.
Теориялық тұрғыдан қарағанда көлік кез келген өнімді өндіруге жалпы жағдай жасауға
септігін тигізеді. Землинов С.В. және В.Г.Ғалабурданың еңбектерінде: «Өндіріс
процесінде еңбек пәнінің жылжу, қозғалуы және оған қатысты еңбек құралдары мен еңбек
күшінің қозғалысы үлкен рөл атқарады...».
Р.В. Дерябиннің пікірінше: «Қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде өндірістің даму
процесінде өнімді шығаруға технологиялық бөлігін қамтамасыз ететін технологиялық
көлік, ал нақтылы кәсіпорында өнімді өндіруге қажетті өнеркәсіптік көлік болып бөлініп
шығып отыр және «...айналым процесінің шегінде жүретін өндіріс процесінің жалғасуына
ықпалын тигізетін. сонымен қатар айналым процессі үшін» қызмет атқаратын жалпыға
пайдалануға қажетті көлік ретінде тармақталынып отыр.
Тауар қозғалысының процесін зерттеуші ғалымдардың пікірінше, айналым қызметіндегі
көлік-материалды өндірістің саласына жатады, деп есептейді. Демек, көлік - өндіріс
саласындағы өндірілген материалды құндылықтарды тұтынушыға жеткізу арқылы тауар
өндірісінің процессін аяқтайды, өнімнің потенциалды құнын нақты құнға айналдыра
отырып тұтыну құнының сипатын, тасымалданған тауар құнын көліктегі қоғамдық
қажетті еңбек шығынының мөлшерінің өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Аталған тұжырымға сәйкес, көлік айналу процесінде өнімнің қозғалысы нәтижесіне
байланысты маңызды материалды айналымға, яғни тұтынушыға дейін уақыт кеңістігінде
орын ауыстыру процесінде жүреді. Ал, тауар-ақша қатынасы жағдайында көлік тұтыну
құнына айналады.
Көлік жергілікті және жалпы мемлекеттік нарықтың қалыптасуы мен дамуына жағдай
жасайды. Сондықтан нарықты экономика жағдайында көлік жүйесінің тиімділігін арттыру
мақсаты ерекше орын алып отыр. Бір жағынан, көлік факторынан кәсіпорын қызметінің
тиімділігі тәуелді болады, әсіресе нарықты экономикада кәсіпорынның өміршеңдігі
маңызды рөл атқарады, екінші жағынан, нарық тауарлар мен қызметтердің алмасуын
реттейді. Демек, көлік бар жерде, нарықтың қызметі жалғасын таба береді. Нәтижесінде,
көлік нарық инфрақұрылымының құрамдас бөлігі және мемлекет экономикасының діңгегі
болып табылады.
Көлік нарық инфрақұрылымының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде нарық
субъектілері арасында тауар айналымының міндеттерін шешуге үсіліссіз және қалыпты
қызметін қамтамасыз ететін институгтардың кешені болып табылады. Оның негізгі
қызметі − ұдайы даму өндіріс процесінде өндірістік ресурстарды қосу және олардың