Page 12 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

12
әлеуетін пайдалану қажет. ...Европа-Азия бағытындағы жүктерді тасымалдауда елдің
транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану үшін Ақтау теңіз портын пайдалану керек» деп
айтып отыр.
Демек көлік әлеуетінің сипаты ретінде оның транзиттік мүмкіндігін ортаға салып
отырғандығын ескереміз. Теңіз көлік әлеуетінің ерекшелігі ретінде жүкті тасымалдау,
жеткізу, тиеу/түсіру жұмыстарымен сипатталады, яғни жүктің осы үдерістегі шамасы
тоннамен өлшеніп белгілі бір деңгейде өндірістік үдерісті көрсетеді. Ол өз алдына
ресурстық көздерінің, өндірістік факторлары мен «жүйе-орта» критерийлеріне сәйкес
келуін байқаймыз. Бұл критерийлер жиынтығын О.Ж. Алиевтің потенциал терминінің
құрылымын ашу методологиясына сүйене отырып, аталған маңызды критерийлер
негізінде теңіз көлік әлеуетін бағалайтын көрсеткіштер арқылы оның экономикалық
әлеуетін объективті және субъективті компоненттері бойынша қарастырайық.
Ресурстық көздері критерийі бойынша: материалды-техникалық, қаржы ресурстық, еңбек
ресурстық әлеуетке жіктеледі.
Материалды - техникалық әлеуетке - жүкті тасымалдауға байланысты порттың өндірістік
қуаттылығын, өткізу қабілеттілігін, жүк жұмыстарының жалпы және таза интенсивтілігін,
жүкті тасымалдау кезіндегі еңбек өнімділігі, негізгі қорлардың тозығы, жаңаруы және
істен шығуы секілді көрсеткіштерді қолдана аламыз.
Қаржы ресурстық әлеуетке - ақшалай табыстары (арендалық төлем, жүктердің түрлерін
тасымалдауға байланысты түсімдер) мен шығыстары (өзіндік құн, салықтар, кезеңдік
шығындар), тартылған инвестиция көлемі көрсеткіштерін пайдалану.
Еңбек ресурстық әлеуетке - басқару аппараты мен өндірістік қызметкерлер саны.
Өндірістік факторлары критерийі бойынша: адами капитал, кәсіпкерлік әлеует
көрсеткіштері.
«Жүйе-орта» критерийі бойынша - теңіз көлік әлеуетінің ішкі әлеуетін жоғарыдағы екі
критерийлердің көрсеткішін бағалау арқылы анықтауға болады. Сыртқы әлеуеті сыртқы
әсер ететін факторлардан тәуелді, яғни мемлекеттің саясаты, теңіз көлігінің дамуына
қолайлы саяси, экономикалық факторлар және осы саланың транзиттік объективті
мүмкіндіктері.
«Экономикалық әлеует» терминіне берілген анықтамалар негізінде және синтезіне сәйкес
теңіз көлік әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін негізге ала отырып, «теңіз көлік
әлеуеті» ұғымына келесідей тұжырым берілді.
«Теңіз көлік әлеуеті» - теңіз көлік саласындағы ресурстар мен өндірістік факторларды
тиімді пайдалану арқылы сыртқы факторлармен өзара тиімді байланысын үйлестіріп,
экономикалық үдерісте өндірушілер мен тұтынушыларды қажеттіліктерімен толық
қанағаттандыруға бағытталған қалыптастыру, анықтау, ұсыныс жасау мүмкіндіктерінің
жиынтығы.
Басқару жүйесі ретінде ұйымдастрыушылық-құқықтық, экономикалық шешімдер
қабылдайтын мемлекет, оның ішінде теңіз көлік саласы дамуын қадағалайтын салалық
министрліктер, ведомствалар, кәсіпорынның басқару аппараты орын алады. Теңіз көлік