Page 6 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
6
бірқатарын көрсететін кейбір идеяларды біріктіріп, жинақтаймыз. Тараудың соңында біз
мәдениет туралы ғылым пайдасына бірқатар абстрактілі дәлелдерді ұсынып, оның
болашағына көз жүгіртуге тырысамыз.
Белгілі мағынада мәдениет туралы ғылымның өмір сүру мүмкіндігін мәдениет туралы
қашан болса да ойлағандардың бәрі де болжаған. Зерттелу саласында эмпирикалық
құбылыстардың реттеушілігін ашу — бұл осы деректер саласы жөніндегі білімдерді
ғылым қалпына келтіру жолындағы алғашқы қадам. Ғылым табиғи заңдарды тануға
әрекет жасап отыр, ал табиғи заңдар болса идеалды түрінде теңдеу мен мәтін, яғни,
математикалық кейпінде көрініс табуы керек. Бірақ та осыған жетуден бұрын, ал белгілі
мағынада гипотезаларды тұжырымдап және оларды қостай немесе терістей алатын
эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігінің пайда болуынан ертерек таксономия
маманы келіп, болашақтағы барлық ғылыми зерттеулердің табиғатын анықтайтын
топтауды жасақтауы қажет. Осылайша, бір уақыттарда мәдениетті зерттеудің
шекараларын белгілеп қойған дәл сол ғылымдар мәдениет туралы ғылымды жарату
бағытында ipso facto алғашқы қадамын басқан екен. Себебі, адам эмпирикалық
құбылыстардың белгілі бір саласын жүйелі әрі мұқият зерттеген жағдайда, ол өзінің ниеті
ме, әлде жоқ па дегенге қарамастан, бұл құбылыстар туралы ғылымның дамуына еріксіз
көмегін тигізеді.
Мәдениетті зерттеушілердің жаңалықтары мен адамзат тарихына үстірт көз салып өтудің
өзі біздің көзқарасымызды растайды. Геродот пен Тацит секілді, әдеттен тыс деректердің
бар екенін көрсететіндер көбінесе олардың ерекшелігіне көңіл бөледі. Қараңызшы, дейді
олар бізге, әлемде қандай ғажайып құбылыстарды табуға болады. Бұрынғы кездері өмір
сүрген адамдардың таңғажайып көп түрлілігіне көз салыңызшы. Олар өмір сүрген кездегі
мәдениеттер қаншалықты әр текті болды! Ливийліктердің күлкілі әдет-ғұрыптарынан
бастап герман тайпаларының дәстүрлеріне шейін қараңызшы — бұрын мұндайды
көрмеген де, естімеген де едік. Тәртіп туралы оз көзқарастарыңызды өте тар шеңберлерге
кіргізбе, себебі, бұл деректер оларда оз орнын табуы керек. Фукидид пен Гибсон сияқты
тарихшылар мәдениеттің құлдырауы туралы табандылықпен айтқан еді. Тарих барысы
мен оның мәнін зерттеушілер, атап айтқанда, Вико, Шпенглер және Тойнби адамзат
тарихындағы оқиғалар барысының жалпыға бірдей моделін іздеумен айналысты. Олар
оның формасын айқындауға, онда көрініс тапқан тәртіпті табуға ұмтылған еді. Бүл жәйт
олардың шығармаларының әр бетінен көрініп түр, сондықтан да, бұл жерде қандай да бір
мысалдарды келтіру артық. Ғылым жүйелер қызметтерін көрінді, ал біздің адамзат мәдени
жүйесінің қызметтері мен жүйенің өзіндік шектеулі қасиеттерін анықтамай, оны бір-
бірімен байланыстыруға мүмкіндігіміз жоқ. Біз адам мәдениетінің геометриялық
жүйесінің арифметикалық қызметтерін анықтауға тырысамыз, бірақ соны жүзеге асырар
алдында, осы геометриялық жүйенің қандай екені жөніндегі белгілі бір білімдерді
игеруіміз керек. Мұндай білімге жетудегі алғашқы қадамымыз адам мәдениетінің
ауқымдары мен формалары туралы білімдерді көрмей - білмей іздеген авторлардың біз
үшін жасағандарын, мүмкін, ерте, толық емес, дөрекі, коп жағдайда қате болса да, әйтеуір
жасағандарын ұғыну болуы қажет.
Әрине, бұл тұжырымды жақтаған басқа да авторлар болды, бірақ мұнда олардың аттарын
атау орынсыз. Біз тек мәдениет туралы ғылымның идеясы белгілі бір жаңа және
таңқаларлық нәрсе ретінде қарастырылмауы керек екенін көрсеткіміз келеді. Бүл тек ерте
заманнан айқындала түскен қажеттілігі бар идеялардың бірі.
Мәдениет туралы ғылым өзінде көптеген ғылым тармақтарын қамтып, оларды біртүтас
ұлы ғылымға біріктіруі керек. Әлеуметтік антропология және этнология деген атаулармен
белгілі, — ал бүл терминдер өзара алмастырушы ретінде қолданылып отырғандықтан, —