Page 5 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
5
қарым-қатынасы дегеніміз — адам организмінің реакциясы немесе қарым-қатынасымен
бірдей емес екендігі кімге болса да айқындала түседі. Терминологияны ауыстыру ойлауға
немесе зат туралы көзқарасқа терең өзгерістер әкеле алады немесе әкеледі деу арқылы
біздер әсірелеуге жол беріп отырған болып көрінуіміз мүмкін. Әйтсе де, Пуанкаре
көрсеткендей, "ыстық" пен "температура" арасындағы айырмашылықты ажыратпайынша,
біздердің термальді құбылыстар туралы нәтижелі ойлауымыз мүмкін емес болатын.
Шынайы алғашқы жаңалықты ашушы осы амалдардың кейбіреуін шыдамды түрде
жасаған еңбекқор емес, солардың қатынасын анықтаған адам болды, - деді Пуанкаре.
Жаңа соз ойлап табу негізінен қатынастарды білдіруге керек жөне ол сөз шығармашылық
түрде болады. "Мәдениеттану" сөзінің де мағынасы осындай: ол бір жағынан адам
ағзасының арасындағы байланысты білдірсе, екінші жағынан, мәдениетті құрайтын
экстрасоматикалық үрдісті, яғни, дәстүрді білдіреді. Оның шығармашылық сипаты бар, ол
жаңа ғылымды негіздейді және анықтайды.
Джеймс Фейблман
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ КОНЦЕПЦИЯСЫ*
А. Мәдениет туралы ғылымның өмір сүру мәселесі
Біздер адамзат мәдениетінің мәні туралы зерттеуіміздің соңына келдік. Зерттеу барысында
бізде адамзат іс-әрекетін ұйымдастырудың және оның нәтижелерінің кейбір бейнелері
қалыптасып, осы (мәдени) іс-әрекетті дәл көрсетуге қатысты білім пайда болды. Соңғы екі
тарауда біздер осы тәртіпті адамға және оның әлеуметтік топтарына жүктелетін
міндеттемелері арқылы қарастырдық". Енді біздер оның практика үшін емес, теория үшін
қандай салдары болатынын білу үшін мәдениетті ұйымдастыру бейнесіне қайтадан
оралуымыз керек.
Егер де табиғат өзінің әрбір бөлшегінде тұтастай қатыстыны рас болса, ендеше
табиғаттың өзімен-өзі бөлек қарастырылатын әрбір бөлшегі де міндетті түрде өзі бөлшегі
болып табылатын тұтастық қасиеттерінің көбісіне ие болады, ал онда тура сондай
шарттарға табиғаттың, бізге адам мәдениеті ретінде танымал бөлігі де бағынуы керек.
Басқаша айтқанда, ол өзінде бүкіл қалған табиғатқа тон қасиеттерден көптеген нәрселерді
қамтуы керек, ал қоршаған ортаның басқа деңгейлері үшін әділетті жалпылаулар адам
табиғатына да қолданбалы болуы тиіс. Табиғатты зерттеу жүйесі бізге ең алдымен ғылым
ретінде көрінеді. Бізге болмыстың көптеген эмпирикалық деңгейлеріне сәйкес келетін
ғылымдар белгілі. Өмірде физика, химия, биология, психология сияқты ғылымдар бар.
Онда мәдениет туралы ғылым және әлеуметтану тәрізді ғылымға неге болмасқа? Себебі,
басқалар сияқты, мәдениет те тура сондай эмпирикалық деңгей; егер де бұл кітапта
ұсынылған тұжырымдар негізділікке талаптанатын болса, әйтеуір, біздің бүл туралы
айтуға құқымыз бар. Осындай зерттеулерде мәдениет туралы ғылымның өмір сүруі
жөніндегі сұрақ міндетті түрде пайда болады. Біздің қабылдаған алғы - шарттарымыз бен
зерттеу барысында келтірілген деректерге сүйене отырып, біз мәдениет туралы ғылым
болуы мүмкін деген қорытындыға сөзсіз келеміз. Біздің пікірімізше, жаратылыстану
ғылымдарға жатпайтын ғылым болмайды, себебі, адамдардың әлеуметтік топтары мен
олардың мәдениеті табиғи ортаның жалғасы болып саналады және табиғаттың бөлшегі
бола отырып, олар өздерін зерттейтін және өздерін басқаратын заңдарды ашуға
тырысатын сәйкес жаратылыстану ғылым қажет екенін ұйғарады.
Бұл тарауда біз ең алдымен мұндай мүмкіндікті қарастырып, өткен зерттеушілерге
сүйеніп, олардың мәдениет туралы ғылымға ұсынған бүкіл қостаулары мен
қарсылықтарының кейбір дәлелдерін келтіреміз. Сонан соң, біз алдыңғы тарауларда
айтылған, бізге мәдениет туралы ғылымның әрі қарай дамуының мүмкін бағыттарының