Page 4 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
4
олар адамдарды қиялдармен қамтамасыз етті, комфорт сезімдерін сендірді, жұбаныш пен
берді, ал негізінде мұның бәрі биологиялық аман қалуы үшін маңызды болды. Бірақ
түсіндірудің тәсілдері ретінде қарапайым философиялар толықтай күйреді.
Метафизикалық философиялар да шынайы әлемді түсіндірмеді, бірақ олар ғылыми
қағидаларға сүйену және оның интелектуалдық тәсілін қолдану арқасында әлемді шынайы
және нәтижелі түсіндіруге жол ашты. Қазіргі философияның келбеті оның генеологиясын,
құрылымын және композициясын ашады, яғни, жаңа, қуатты және дамудағы ғылыми
құраушы; бөлек салаларда күшті, бірақ оны қолдану өрісі қысқарып және қамтамасыз ету
ортасы тежелген сайын құлдырауға келетін ескі, қарапайым супер натурализм;
антропоморфизм мен еркін ерік салаларындағы, бірақ сонда да әлдеқайда қуатты және
тіршілікке икемді өркендерге біртіндеп орын беретін қарқынды өсу; ең соңында
метафизика ой тұжырымдарынан әр жерде қалған қалдықтар.
Егер философия — ол адам болып табылатын жануардың өзінің космостық ортасына
бейімделу механизмі болса, онда адам — ол философиялық қызығушылықтың негізгі
пәні. Біз "Ғылым өрісін кеңейту" тарауында көрсеткеніміздей, ғылымның тарихы мен
қалыптасуын адам мінез-құлығы детерминанттары тұрғысынан көруге болады.
Астрология адам әрекеттеріндегі аспан денелерінің ролін бағалау және жұлдыздар
орналасуына сүйеніп адам өмірінің құбылыстарын алдын-ала болжау талпынысы ретінде
болды. Ғылыми философия өзінің алғашқы көрінісін астрономия ғылымында тапты,
себебі аспан денелері адам мінез-құлығы детерминанттарының ішінде мағынасы аз
болғандықтан "менің"(8еИ) "мен емес"(not-self) араласатын антропоморфистік дәстүрінен
оңай алынуы мүмкін еді. Аспан құбылыстары өрісіндегі бір кездері тұрақталған
ғылымның көзқарасы мен техникасы басқа да салаларға тарала бастады. Ғылым өрісінің
кеңею барысы келесі заң арқылы айқындалады: ғылым адам мінез-құлығының
детерминанты ретінде белгілі — бір құбылыстардың мәнділігіне кері қатынасында
жылжып, дамиды. Астрономияның ізін жердегі физика мен механика басты. Физикалық
ғылымдар биологиялық ғылымдардан ерте қалыптасты, себебі, физикалық құбылыстар
биологиялық құбылыстарға қарағанда адам мінез-құлығының әлдеқайда азырақ маңызға
ие детерминанттары болып табылады. Биология саласында ең алдымен анатомия, ал сонан
соң физиология жөне психология дами түседі. Бұл үш ғылымның бәрі де индивидуалды
ағзаға жұмылдырылған. Бірақ, уақыт өтісімен индивид шегінен тыс жататын, бірақ оның
мінез - құлығына маңызды әрі қуатты анықтаушы әсер ететін құбылыстар класының бар
екені ұғынылды. Бұл мета - индивидуалды детерминанттар класы мен жұмыс істеуге
жарамды ғылыми техниканы жарату барысында әлеуметтану және әлеуметтік психология
пайда болды. Бұл ғылымдарды жарату адам мінез-құлығының детерминанттары
категорияларының таусылғаны жөніндегі пікірді білдірді. Астрономия және физика
жансыз детерминанттармен айналысты; анатомия, физиология және психология
индивидуалды детерминанттарды қамтыды; социология, қоғам туралы ғылым
индивидуалды жоғары детерминанттармен айналысты: тағы қандай детерминанттармен
санасу керек еді?
"Антропология" термині іс-әрекеттің көптеген түрлерін білдіруге қолданылды, олар — бас
сүйекті өлшеу, жерден балшықтан жасалған сынықтарды қазып алу, рәсімдерді бақылау,
тайпаларды зерттеу, аборигендерді, тұтас өркениеттерді психо - талдау зерттеу, өнер және
қолөнер тарихын қадағалау — ал қазірде оны жалғыз мәдени үрдісті түсіндірудің ерекше
және өзіне тон мақсаттарымен шектеуге болмайды. "Әлеуметтік антропологияның"
"әлеуметтанудан" ешбір айырмашылығы жоқ. Мәдениет туралы ғылым мәдениеттану
болмағанда не болады? Осы терминді енгізуге байланысты, рәміздік түрде туындаған
экстросоматикалық континуум дегеніміз — жеке немесе ұжымда қарастырылып отырған
адам организмінің қандай да бір реакциялар класы мен бірдей емес; мәдени элементтердің