Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Оның бағасы көп жағынан тарихи негізделген халықаралық - құқықтық теорияға ұқсас
бола бастайды.
Мартин Уайт (Wight, 1987, 1991) мемлекеттік шекаралар шегінен шығып кететін дүниеде
адами қатынастар теориялық тұрғыдан үш бәсекелес мектептің - реализмнің (немесе
макиавеллизмнің),
рационализмнің
(немесе
гроцийшылдықтың)
және
революционаризмнің (немесе кантшылдықтың) — терминдерінде қарастырылуы тиіс
дегенге кәміл сенеді. Уайттың пікірі бойынша бұлар халықаралық саяси ой тарихындағы
тамаша идеялар. Осынау "ой үлгілерінің" әрқайсысы адами қатынастар туралы төл
түсініктерге негізделген. Реализм өзімшіл әрі өз мүдделерінің қамын жейтін күш
агенттерінің - қарым-қатынастары тек қана соғыс арқылы реттелетін мемлекеттердің
халықаралық анархиясынан бастау алады. Реализм өзінің ең өрескел көрінісінде
халықаралық қоғамның бар екендігін терістейді; тек Гоббс айтқан жаратылыстық ахуал
ғана бар. Бірден-бір саяси қоғам және, сөз жоқ моральдық қоғамдастық мемлекет болып
табылады; мемлекет пен азамат арасында (ішкі) міндеттемелер бар, бірақ мемлекеттер
арасында (сыртқы) міндеттемелер жоқ. Рационализм (ұтымдылық) тәуелсіз мемлекеттер
арасында дипломатиялық һәм коммерциялық қатынастар дүниесі бар, олардың заңды
өкілдерін халықаралық құқық пен дипломатиялық хаттама байланыстырады деп
топшылайды. Рационализмнің өрескел көрінісі - мемлекеттер арасындағы қатынастардағы
өзара сыйластықтың, келісімдердің және заң күшінің мінсіз дүниесі. Революционаризм
мемлекеттерге, тіпті бүгінгі мемлекеттерге өзінің негізінде мемлекеттер жөнінде басым
болып табылатын адамдар алдында нақты моральдық міндеттемелер жүктелетін
дүниежүзілік қоғамды бейнелейді. Өрескел революционаризм жер бетіндегі бірден-бір
нақты қоғам барлық адамдардан құралатын дүниежүзілік қоғам, атап айтсақ: адамзат бола
алады дегенді кесіп айтады.
Уайт әлеуметтік һәм саяси идеяларды біз көмегіне сүйеніп өзімізді және басқалармен
қатынастарымызды анықтайтын құрал ретінде қарастырады; сондай идеялардың бірі -
мемлекет; қалғандары - еркін алынған - егемендік, адамгершілік, халықаралық заңдылық,
халықтар құқығы, күштер балансы, соғыс және бейбітшілік, сауда, революция,
империализм, отаршылдық және т.б. Жетекші теоретиктер осынау идеялардан әлем
құрылысын қатесіз де көз жеткізе түсіндіретін теорияның негізін жасауға тырысады. Уайт
қарастыратын үш дәстүр осы мәселені шешу әрекеті ретінде көрсетілген. Дегенмен өзінің
соңғы кітабының (ол өлгеннен кейін жарық көрген) аяғында Уайт өзінің "рационалистік
соқыр сенімдерін" мойындайды (Wight, 1991, P. 268), ал басқа бір кітабында ол тағы да:
"Мен өз жан дүниеме үңілген кезде, содан осы ойлардың бәрін көремін" деген-ді (Wight,
1987, P. 227).
Хедли Булл халықаралық құқық бойынша бірқатар лекциялар жазып, оларды өлерінен бір
ай ғана бұрын Канаданың Ватерлоо университетінде оқыды (Bull, 1984). Ол халықаралық
қатынастардағы әділет тұжырымдамалары мен тәртіп талаптарының арасындағы
жалғасып келе жатқан текетіресті атап өтті. Мартин Уайттың рухы оның айтысында әлі де
көрініп тұрады, сол айтыста ол либералдар (рационалистер) "халықаралық қатынастарда
тәртіп пен әділет міндетті түрде маңызды деген идеяны қабылдаудан" бас тартады және
"халықаралық қатынастардағы тәртіп әділеттің көлденең тартатын талаптарының
көмегімен бәрінен жақсы қолдау табатынына және әділет тәртіп тінінде бәрінен жақсы
іске асатынына сенімді" екенін атап өтеді. Алайда ол "асқан кемеңгерлік кейде сұмдық
таңдау жасауға тура келетінін консерваторлар (реалистер) мен... революционерлердің
(революционаристердің) ортақ мойындауында деген қорытынды жасайды (Bull, 1984. P.
18). Мұндай тәпсірлер осынау ерекше маңызды мәселенің Булл түсінігіндегі