Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
азаматтық немесе саяси ізгіліктің классикалық идеясына қайта оралу екендігіне кәміл
сенемін. Ізгілік дегенде мен ең жақсы таңдау, проблеманы шеше алатын немесе басқа
нұсқалармен салыстырғанда ең залалсызы болатын таңдау жасауға септесетін
инсанияттық бейімділіктер мен тәртіптілік деп білемін. Соңғысы халықаралық қатынастар
үшін, әсіресе соғыс кезінде, әдеттен тыс әлдене болып табылмайды. Осылайша біз
адамның тәртібін ізгілік тұрғысынан зерттегенде, біз оны ережелер немесе салдарлар
тұрғысынан бағаламаймыз. Соған қарамастан біз оны жаны жайсаң әрі мінезі жақсы
адамнан нақты жағдайларда құндылықтардан таймау - бұл өз жолыңнан таймау әрі
қиындықтарға және басқаша істеу әзәзіліне кереғар өз міндеттерінен азат болу деген сөз.
Осылайша біз жауапты мемлекет қайраткерінен ол өз саясатын дұрыс ақпаратқа негіздейді
және соған әрі қалыптасқан ахуалға сәйкес қимылдайды деп күтеміз. Мемлекеттік
құрылыс осыны талап етеді. Басқаша айтқанда, мемлекет қайраткерін хабардар болмағаны
және сақ бола білмейтіні үшін жазғыру жөн деп санауға болады.
Мемлекет қайраткері көптеген адамдардың бақуаттылығы үшін жауап беретіндіктен әрі
сонымен бір мезгілде оның қолында орасан зор қиратушы күш және кім-кімнен де көп
жауапкершілік болатындықтан, даусыз саяси құндылық сақтық болуға тиіс, және оны
төңірегінде қалған схемалар айналып жүретін тартылыс кіндігі деп атауға болады (Beiner,
1992. P. 153). Осылайша өлермендік пен жете бағаламау - ең елеулі саяси кемшіліктер.
Саяси құндылықтарды да анықтауға болады, олар - лоялдылық, жақсы сенім, жігерлілік,
батылдық, жанашырлық сабырлылық және бәрінен абзалы әділеттілік. Осынау
құндылықтардың әрқайсысының маңыздылығы актор тап болатын ахуалға байланысты.
Черчилль "Соғыста - жігерлілік, жеңілісте - мойымаушылық, жеңісте - кеңпейілділік,
бейбітшілікте - ізгі ерік" деген. Бұл арада саяси құндылықтардың маңыздылығын жіктеу
мақсаты көзделіп отырған жоқ, тек біз халықаралық қатынастарды ахуалдық этика
тұрғысынан зерттей бастағанда, соларға шоғырланатын амал керек екендігі атап
көрсетіліп отыр...
ҚОРЫТЫНДЫ
Хедли Булл (Bull, 1969. P. 20) кезінде "философияға, тарихқа және құқыққа" сүйенетін
және "басқаның бәрін былай қойғанда пікірлерінің бүкпесіз сенімділігімен ерекшеленетін"
"классикалық амалды" қорғады. Осынау әсем тұжырым халықаралық қоғамның саяси
теориясын жақсы қорытады. Мемлекет қайраткерлерін түсінуге және олардың қашып
құтылуға болмайтын моральдық қиындықтарды еңсеруіне көмектесуге тырысатын саяси
теоретиктер осындай пікірлерді тұжырымдауға үйренуі тиіс. Мұны абстрактылы
моральдық және саяси философияны ойдан шығармай, тарихты зерттеу және осы заманғы
оқиғалардан моральдық таңдау қиындықтарын табу арқылы істеуге болады. Өз басым
саяси теорияның басынан басталатын оның іргелі мәселесі деп атауға бейім мәселеге
тақадық: саяси қайраткер қандай моральдық қасиеттерге ие болуға тиіс? Осынау ежелгі
сұрақ халықаралық саясат теориясының кіндігінде тұр. Оған жалпы баршаны
қанағаттандыратын бір мәнді жауап беру мүмкін еместігі айдан анық. Бірақ сұрақ даусыз
ақиқатты мойындауымен - ақ берілетін жауаптан неғұрлым маңызды: көп адамдардың
өміріне ықпал ететін күшке ие адам орасан зор жауапкершілікті, бәлкім, адамдарға
жүктелетін жауапкершіліктердің ең үлкенін арқалайды.
МАЗМҰНЫ