Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. САВИЦКИЙ. ЕУРАЗИЯЛЫҚТЫҢ ГЕОГ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Еуразия дүниесінің табиғаты түрлі саяси, мәдени немесе экономикалық "сепаратизм" үшін
тым қолайсыз. Еуропа мен Азияның "мозаикалық - бөлшектенген" түзілімі шағын ғана
тұйық, оқшауланған дүниесымақтарының пайда болуына жәрдемдеседі. Бұл арада шағын
мемлекеттердің, әрбір қала немесе провинция үшін ерекше мәдени-тұрмыс салтының тар
кеңістікте шаруашылықтық сан алуандағы зор экономикалық аймақтардың өмір сүруі
үшін материалдық алғышарттар бар. Ал Еуразиядағы жағдай мүлде басқаша.
Аймақтардың "ту тәріздес" орналасуының кең пішілген аясы ондай ештеңеге
жәрдемдеспейді.
Шетсіз-шексіз
жазықтар
көкжиектің
кеңдігіне,
геосаяси
комбинациялардың байтақтығына үйретеді. Далалар шегінде құрғақпен, ормандар шегінде
сондағы толып жатқан өзендер мен көлдердің суымен жылжи - жылжи, адам баласы өзінің
тіршілік ортасын ұдайы өзгертіп, ылғи қоныс аударып отырды. Этностық және мәдени
элементтер өзара тығыз ықпалдастықта, қиылысу мен араласу үстінде болды. Еуропа мен
Азияда кей замандарда тек өз ұясының мүдделері тұрғысынан ғана өмір сүру мүмкін еді.
Еуразияда - мұның сәті түскен күнде де, ол тарихи ұғымдағы өте қысқа мерзімге ғана
созылатын. Еуразияның солтүстігінде жүз мыңдаған шаршы километр ормандар бар,
алайда олардың ішінде бір гектар да егістік жер жоқ. Осынау өңірдің тұрғындары
неғұрлым оңтүстік аймақтармен жанаспай қалай өмір сүрмек? Оңтүстікте бұдан кем
түспейтін байтақ жазықта мал шаруашылығы, арасында диқандық үшін де жарамды
далалар бар, бірақ көптеген мың шаршы километр болатын осынау кеңістікте бірде-бір
ағаш өспейді. Бұл аймақтардың халқына солтүстікпен шаруашылық ықпалдастықсыз
қалай тіршілік ету керек? Еуразияның табиғаты адамдарға біз қазір Еуропа мен Азияда
байқайтынымыздан анағұрлым жоғары дәрежеде саяси, мәдени және экономикалық бірігу
қажеттігін мегзейді. Нақ Еуразия далалары мен шөлдерінде көшпенділердің - Венгриядан
Маньчжурияға дейінгі және тарихтың он бойында скифтерден қазіргі моңғолдарға дейінгі
- тұрмыс салты сияқты көп жағдайда "бір ізге салынған" укладтың болуы тегін емес.
Еуразия байтағында скиф, ғұн, моңғол (XIII-XIV ғ.ғ.), т.б. сияқты ұлы саяси біріктіру
талпыныстарының пайда болуы да тегін болмаса керек. Бұл талпыныстар тек дала мен
шөлді ғана емес, олардан солтүстікке қарай орналасқан орманды өңірді және Еуразиядағы
"тау көмкерісінің" неғұрлым оңтүстік аймағын қамтыды. Еуразия аспанында өзіндік
"халықтар бауырластығы" рухының лебі есетіні тегін емес: оның тамыры фин, түрік,
моңғол халықтарының буындары арқылы германдық (қырымдық готтар) пен
славяндықтан тұңғыс - маньчжурлыққа дейінгі түрлі нәсілді халықтардың ғасырлар бойы
түйісуіне және мәдени араласуына бойлап кетеді. Бұл "халықтар бауырластығы" мұнда
"жоғары" және "төмен" нәсілдерді қарама - қарсы қоюшылық жоқ екенінен, бұл арада
"жалпы іске ырық" жеңіл оянатындығынан көрінеді. Еуразияның тарихы алғашқы
тарауларынан бастап ең соңғы нүктесіне дейін мұның тұтасып жатқан дәлелі. Ресей өзінің
негізгі тарихи ісінде осы дәстүрлерді бойына сіңірді. XIX ғасырда және XX ғасырдың
басында ол дәстүрлер кей-кейде жасанды "батысшылдықпен" бүлінді, ал бұл ұғым
орыстардан өзін "еуропалықтар" ретінде сезінуін (шын мәнісінде олар ондай емес еді)
және басқа еуразиялық халықтарды "азиаттар" мен "төмен нәсіл" деп білуді талап етті.
Мұндай тәпсір Ресейге нәубеттен басқа ештеңе берген жоқ (мысалы, XX ғ. басында
орыстың Қиыр Шығыстағы авантюрасы). Қазіргі кезге бұл тұжырымдама орыс түйсігінде
біржола жеңілді, әлі эмиграцияда тығылып жүрген орыс "еуропейзмінің" сарқыншақтары
тарихи мән атаулыдан айрылды деп үміттену керек. Жасанды "батысшылдықты" еңсеру
арқылы ғана еуразиялық халықтардың - славяндардың, финдердің, түріктердің,
моңғолдардың және т.б. - нағыз бауырластығына жол ашылады.