Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. САВИЦКИЙ. ЕУРАЗИЯЛЫҚТЫҢ ГЕОГ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мысалы, тундраның оңтүстік шекарасы жылдың орташа салыстырмалы ылғалдығы
күндізгі сағат 1- н' 79,5 пайызға тең нүктелерді қосатын сызыққа дөп келеді. Күндізгі сағат
бірдегі салыстырмалы ылғалдылықтың өсімдіктердің тірлігі мен топырақ үшін маңызы
ерекше). Орманды аймақтың оңтүстік шекарасы салыстырмалы ылғалдылығы 67,5
пайызға тең осындай нүктелерді қосатын сызық бойынша өтеді. Даланың оңтүстік
шекарасына (оның шөлмен түйісетін жерінде) бірдей салыстырмалы ылғалдылық күндізгі
сағат 1-де 55,5 пайызға дөп келеді. Шөлдің бүкіл жерінде аталмыш көрсеткіш содан
төмен. Бұл арада орманды және далалық аймақтарды қамтитын интервалдардың теңдігіне
назар аудартады. Осындай сәйкестікті және интервалдардың осындай ырғақты
қайталануын басқа да нышандар бойынша анықтауға болады (біздің кітабымызды
қараңыз: Ресейдің географиялық ерекшеліктері", 1-бөлім, Прага, 1927). Ресей - Еуразия
аймақтарының периодтық жүйесі" туралы айтуға негіз беретін де осы. Ол сондай-ақ
симметриялық та жүйе, бірақ енді біз бұның алдында айтқан шығыс - батыс симметриясы
ұғымындағы емес, оңтүстік - солтүстік симметриясы ұғымындағы жүйе болып табылады.
Бұл арада солтүстіктің ормансыздығына (тундра) оңтүстіктің ормансыздығы (дала) сай
келеді. Топырақтағы кальцийдің көлемі мен гумустың пайызы қара топырақты өңірдің
орталық бөліктерінен солтүстікке және оңтүстікке қарай симметриялы түрде азая береді.
Құбылыстардың симметриялы түрде орналасуы топырақтың түсіне байланысты да
байқалады. Көлденең аймақтың орталық бөліктерінде ол барынша қою. Ал солтүстікке
қарай да, оңтүстікке қарай да ол солғындай түседі қоңырқай рең арқылы өтіп ақшылға
ауысады). Орманды және далалық аймақ арасындағы шекарадан құмдар мен тастақ
субстраттарды баса солтүстікке қарай далалық аралдар және, оңтүстікке қарай "аралдық"
ормандар симметриялы түрде таралады. Орыс ғылымы бұл құбылыстарды
"экстраймақтық" құбылыс деп атайды. Орманды өңірдегі далалық телімдерді "оңтүстікті
түзетін" құбылыс ретінде, ал даладағы аралдық ормандарды "солтүстікті түзетін" құбылыс
ретінде сипаттауға болады. Орманды өңірдің оңтүстікті түзетін формациялары даланың
солтүстікті түзетін формацияларына сай келеді.
Аймақтық жүйе аясындағы біртіндеп ауысу, оның "периодтығы" мен "симметриялығы"
Ескі дүниенің басқа ешбір жерінде Ресей-Еуразия жазықтарындағыдай соншалықты
айқын көрініс бермейді.
Орыс дүниесіне мейлінше ашық географиялық құрылым тән. Бұл құрылымда Орал оған
географиялық "вампука" теліген (әлі де телитін) айқындаушы һәм бөлуші рөлді мүлде
атқармайды. Орал "өзінің орографиялық және геологиялық ерекшеліктерінің арқасында
еш бөлмейді, қайта, керісінше, "Оралдың бергі жағындағы және арғы жағындағы Ресейді"
өте-мөте тығыз байланыстырады әрі бұлардың екеуінің де географиялық тұрғыдан
келгенде бөлінбейтін бір Еуропаны құрайтынын тағы да дәлелдейді". Көлденең аймақ
ретінде Тундра Оралдың батысына қарай да, шығысына қарай да орналасқан. Орман оның
екі жағында да жайқалады. Дала мен шөл хақында да гәп басқаша емес (соңғысы Оралдың
оңтүстік жалғасы Мұғалжарды шығысынан да, батысынан да көмкеріп жатыр). Орал
шебінде біз географиялық ахуалдың пәлендей өзгергенін байқамаймыз. "Теңізаралық",
яғни, бір жағынан, Қара және Балтық теңіздері арасындағы, екінші жағынан, Балтық теңізі
мен Норвегияның солтүстік жағалауы арасындағы кеңістіктің географиялық шекарасы
әлдеқайда елеулі.
Ресей-Еуразияның өзіндік, мейлінше айқын және солай бола тұра қарапайым
географиялық
құрылымы
аса
маңызды
бірқатар
геосаяси
жағдайлармен
байланыстырылады.