Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.каплан. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТТАҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Бірінші ереже әрбір негізгі ұлттық актор өз ықпалын ұлғайтуға ұмтылатынын көрсетеді.
Алайда бұл, егер мүмкін болса, соғыссыз, "күштер балансы" жүйесі үшін соғыс әкелетін
тепе-теңдікті бұзатын салдарларсыз орындалуға тиіс.
Екінші ереже әрбір ұлттық актордың бастапқы парызы оның төл мүдделерін қорғау болып
табылатынын көрсетеді. Бұл егер негізгі актор өзінің төл мүдделерін қорғай алмайтын
болса, онда сол мүдделер, сөз жоқ, басым бола алмайды деген сөз. Демек, мүмкіндіктер
тіпті соғыс құнымен де кеңейтілуге тиіс.
Алғашқы екі елеулі ереже, тегінде, Гоббс рухындағы эгоистік нұсқаулар болар. Олар
"бәрінің бәріне қарсы соғысы" деп аталатын нәрсеге сәйкес келеді. Сонымен бірге, олар
классикалық философиялық стандарттарға да сәйкеседі. Егер қоғамдастықтың көлемін іс
жүзінде шектеу орын алса, онда қоғамдастықтар арасындағы әділ тәртіп мүмкіндігі
парасатты қажеттілікке, ықтимал дұшпандарға дербес қарсы тұру қабілетін сақтауға
бағындырылуға тиіс.
Үшінші ереже, классикалық стандарттарға сәйкес келеді, бірақ Гоббс стандарттарына
емес. Негізгі ұлттық акторлар әділ де заңды қоғамдастықтың оңтайлы көлемінен асып
кететіндей ұлғаймауға тиіс. Бұл заң әулеттік режимдер арасындағы қарым-қатынастарға
да, қазіргі ұлттық аумақтық мемлекеттердің сипатына да сай келеді. Белгілі бір шеңберден
шығып кету өзі арқылы ашық бөліну немесе ұлттық ұқсастықпен сыйыспаушылық болар
еді.
Төртінші және бесінші ережелер - халықаралық қимыл жүйесін сақтау үшін қажет жай
ғана ұтымды талаптар. Басым коалиция, немесе басым жағдайға ие болатын немесе қалған
негізгі акторларға саяси гегемондық жасағысы келетін негізгі ұлттық актор аталмыш
коалицияға кірмейтін ұлттық акторлардың мүдделеріне қатер төндіреді. Мұның үстіне,
егер коалиция халықаралық жүйеге гегемондық орнатуда табысқа жетсе, онда
коалицияның басым мүшесі (немесе мүшелері) сол коалицияның елеусіздеу мүшелеріне
басымдық жасайтын болады. Сондықтан коалициялар, әдетте, өздеріне кірмейтін
мемлекеттерге қоқан-лоққы жасай бастаған кезде қарсы тұрған коалициялар түрінде
бәсекелес табады. Коалициялар өз мүшелерінің мүдделеріне қатер төндіре бастағанда да
әлсірей береді. Мұндай жағдайда коалицияның басым мүшелері тарапынан қатер сезген
мемлелекеттер коалиция жөнінде бейтарап болуды немесе қарсы коалацияға қосылғанды
неғұрлым пайдалы деп есептеуі мүмкін. Ал ережелер де үшінші ережемен үндес.
Мемлекеттердің кейбір ұмтылыстарын шектеу және негізгі ұлттық акторларды жоймау
қажет, бұл олардың болашақта қажет болған жағдайда қалғандарға қосыла алуы үшін
керек.
Алтыншы ереже жүйеге қатысу тәртіптің «күштер балансы» жүйесінің басты
ережелерімен және нормаларымен сәйкестендірілуіне тәуелді екендігін көрсетеді. Егер
негізгі акторлардың саны кемісе, халықаралық "күштер балансы" жүйесі тұрақсыз бола
бастайды. Демек, негізгі ұлттық акторлардың санын белгілі бір мөлшерде ұстап тұру жүйе
тұрақтылығының қажетті шарты болып табылады. Бұл жеңілген мүшенің жүйедегі толық
құқығын қайтару жолымен немесе бұрынғы девиантты акторларды реформалау жолымен
жүзеге асырылады.
Акторлар арасындағы кез-келген нақты қарекет немесе өзара қарым-қатынас
"кездейсоқтық" нәтижесі болуы мүмкін болса да, сол қарекетке немесе ахуалға жетелеген
ерекше жағдайлар жиынтығы болады, ол кездейсоқ кездесулердің немесе жеке