Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.каплан. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТТАҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
өзара қатынастарды күңгірттендіріп, соның салдарынан ғылымды қызықты міндеттерді
шешуден бұрып әкете ме?
"Күштер балансы" жүйесі
"Күштер балансы" термині тырнақшаға алынып қолданылады, өйткені халықаралық тепе-
теңдіктің кез-келген ахуалы күштер балансы болып табылады. Бұл мағынада осынау
термин қайталанатын, тіпті таптаурын термин болып шығады. Ол бұл жүйеде не болып
жатқаны жөнінде де, акторлар не істеуге тиістігі жөнінде де ешқандай тың ақпарат
бермейді. Солай бола тұра, "күштер балансы" термині әдебиетте қолданылады және ол
XVIII-XIX ғасырларда, бәлкім, XX ғасырдың басында болған халықаралық жүйені
суреттеуге қолданылса, біршама интуициялық түсінік береді.
"Күштер балансы" жүйесі басқа халықаралық жүйелерден төмендегідей сипаттамалар
бойынша өзгешеленеді. Ол саяси кіші жүйесі жоқ (немесе, басқаша айтқанда, нөлдік кіші
саяси жүйесі бар) халықаралық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің акторлары "ұлттық
акторлар" тұрпатына жататын халықаралық акторлар болып табылады. Бұл жүйедегі
негізгі акторлар ("негізгі" - анықтама берілмейтін ұғым) кем дегенде бесеу болуы тиіс,
одан көп болса тіпті жақсы.
Кең мағынасында алғанда Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы кезеңде Англия,
Франция, Германия, Австрия- Венгрия империясы, Италия, АҚШ негізгі ұлттық акторлар
санатына қосылады. Бұл орайда біз нақ қай елдерді негізгі ұлттық акторлар ретінде
анықтайтынымыз оншалық маңызды емес, бірақ аталмыш санатқа кіретін акторлардың ең
төменгі саны болуының ондай жүйе үшін өмірлік маңызы бар.
"Күштер балансы" халықаралық жүйесінде біртұтас саяси құрылым болмағанымен,
ұлттық акторлар жеке-дара бірін - бірі толықтыратын қарекет жасайды да, осылайша
осынау жүйенің негізгі ережелерін сақтайды. Бұл ережелер акторлардың тәртібін
суреттейді. Өзінің сипаты жағынан олар әмбебап.
"Күштер балансы" жүйесі төмендегідей негізгі ережелермен сипатталады:
1.
Өз мүмкіндіктерін кеңейту үшін қимылдау, бірақ мұны соғыс жолынан гөрі,
келіссөздер жолымен жүзеге асырған абзал.
2.
Мүмкіндіктерді кеңейту сәтін оздырып алғаннан соғысқан жақсы.
3.
Негізгі ұлттық акторлардың бірін толық жойып жібергеннен соғысты тоқтатқан
жақсы.
4.
Жүйенің қалған акторлары жөнінде басым жағдайға ие болғысы келетін кез-келген
коалицияға немесе жекелеген акторға қарсы қимылдау.
5.
Ұлттан жоғары тұрған ұйымдық принциптерді қолдайтын акторларға қарсы
қимылдау.
6. Жеңілген немесе қарекеттерінде шектелген негізгі ұлттық акторларға жүйеге қайтадан
қосылуға рұқсат беру, және оларды рөлдік әріптестер ретінде қабылдау, немесе бұрын
негізгі болмаған акторлардың негізгі ұлттық акторлар санатына кіруіне септесу. Барлық
негізгі акторларды қолайлы рөлдік акторлар ретінде қарастыру.