Page 35 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
5. Анатолия - Кіші Азияның орта ғасырлардан қалыптасып қалған грекше аты.
6. Қытайдағы 1911 жылғы революция Цин әулетін құлатты. 1924-1927 ж.ж. елде алғашқы
революциялық азамат соғысы басталды.
Ибн Сауд (1880-1953) - Сауд Арабиясының 1932-1953 жылдардағы королі.
Сюлли Максимильен де Бетюн (1560-1641) - француз мемлекет қайраткері.
Сен-Пьер Шарль де Ирен (1658-1743) - аббат, "Мәңгілік бейбітшілік жобасының" және
экономикалық теориялардың авторы.
Лейбниц Готфрид Вильгельм (1646-1716) - білімнің көптеген салаларында: философияда,
тарихта, юриспруденцияда, лингвистикада, логика да, математикада, физикада,
геологияда және басқаларында аса көрнекті жетістіктерге жеткен неміс ғалымы.
Бранденбург ғылыми қоғамының (кейіннен - Берлин Ғылым академиясы) негізін қалаушы
және президенті.
Кант Иммануил (1724-1804) - неміс философы, неміс классикалық философиясының
атасы.
Геллеспонт - Дарданеллдың көне грекше аты.
Парсы шығанағын Үнді мұхитымен қосатын бұғаз.
Фракия - Балқан түбегінің шығысындағы, Эгей, Қара және Мәрмәр тәріздерінің арасында
орналасқан тарихи өлке (ежелгі халық - фракиялықтардың - атынан шыққан).
Такла-Макан - Тарым ойпатының орталық бөлігін алып жатқан Қытайдың батысындағы
байтақ құмды шөл.
Саймон Джон Аллесбрук - ағылшын саяси қайраткері. 1927-1930 ж.ж. Үндістанда ұлт-
азаттық қозғалысының үдеуіне байланысты британ үкіметі құрған комиссияны басқарды.
Комиссия өз баяндамасында Үндістан елінде сайлаушылардың аясын кеңейтуді және
провинциялардағы министрлердің жергілікті парламенттер алдында жауаптылығын
енгізуді ұсынды.
1Тегінде, Ротермир Гарольд Сидней (1868-1940) болуы керек. Ол - газет алпауыты,
бірқатар орталық және провинциялық, мәселен, "Дейли мейл" және "Дейли миррор"
сияқты газеттердің иесі, газет иелері ағылшын ассоциациясының төрағасы.
Қазақшалағанда - "судың азайған жазығы". Солтүстік Германиядағы жазық пляждарды
осылай атаған.
Африкаанс - африканерлердің (бурлардың - голл. "бур" - шаруа), мен ізінен бір бөлігі XVII
ғ. өзінде-ақ Африканың оңтүстігіне қоныс тепкен голланд, сондай-ақ француз және неміс
отаршылары ұрпақтарының тілі.
1922 жылы Мысыр жалған тәуелсіздік алды, бірақ ағылшын әскери оккупациясында қала
берді. Бұл жердегі ағылшын үстемдігі 1956 жылы жойылды. Судан болса, ол XIX ғ.