Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Крис БРАУН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
ҚОҒАМДАСТЫҚ ИДЕЯСЫ
(1945) - Саутгемптон университетіндегі саясаттану кафедрасының профессоры. К.
Браун халықаралық қатынастар теориялары тақырыбына жазылған көптеген
мақалалардың авторы, атап айтқанда ол біртұтас дуниежүзілік қоғамдастық құру,
феминизмді дамыту, халықаралық қатынастардағы этикалық және инсанияттық
нормалар сияқты мәселелерге ден қойып, халықаралық қатынастардың жаңа
тенденциялары мен теорияларын талдап әзірлеуге қызыға қатысады. Оның соңғы
жарияланымдарында мынадай сүбелі еңбектер бар: "International Relations Theory: New
Normative Approaches" 1992; "Political Restructuring in Europe: Ethical Perspectives" 1994.
Өзінің мағыналық пайдаланылуы жағынан "қоғамдастық" ұғымы алдамшы да көп мәнді.
Ол - Рэймонд Уильямстің өзекті ұғымдарының бірі. Ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастық
мазмұнына, Теннис (Tonnies, 1963) "қоғамынан" классикалық айырмашылығына, сондай-
ақ Gemeinschaft пен Geselschaft арасындағы айырмашылыққа сілтеме жасай отырып, ол
орын алып отырған немесе балама қатынастар жиынын суреттеу үшін мұның "неғұрлым
көз жеткізерлік" екенін атап өтеді: "Бәлкім, неғұрлым маңыздысы мынау болар:
әлеуметтік ұйымның барлық басқа ұғымдарынан (мемлекет, ұлт, қоғам және т.б.) өзгеше,
ол ешқашан теріс ыңғайда пайдаланылмайтын болады және оған ешқашан оң ыңғайдағы
қарама-қарсы қою немесе қарама - қарсы ұғым табылмайды" (Williams, 1976. Р.66). Іс
жүзінде мұны "дүниежүзілік қоғамдастық" ұғымы туралы да айтуға болады - ол ешқашан
кекесін мағынасында пайдаланылмайды. Бәлкім, оның астарында не жатуға тиістігі
немесе не жатқандығы оншалық түсінікті емес шығар, бірақ анығы мынау: оны
пайдаланатындар, егер ол қоғамдастық деп аталар болса, дүние жақсырақ болатынына
кәміл сенеді. Ал "халықаралық қоғамдастық" ұғымының дипломатиялық пайдаланылуына
- салыстырмалы, бірақ дүниежүзілік қоғамдастыққа қарама-қарсы негізінен мемлекеттік
орталықтық ұғымның пайдаланылуына - келсек, ол әрдайым сенімді.
Мұндай бірауыздылық көбіне күдік пәні болып табылады, және, ол-ол ма, одан әрі зерттей
түсу бәрі әу баста көрінетіндігінен мүлдем басқа екендігін байқатады. Біріншіден,
"қоғамдастық" ұғымының бір мәнді оң ыңғайдағы мәніне қарапайым саяси дискурста
мазмұн есебінен қол жетеді. Тіпті Ұлыбританиядағы Тэтчердің үкіметі - ал оның
көшбасшысы қоғам дейтін феномен жоқ дейтін -"қоғамдастық" ұғымын пайдалануға
әрқашан дайын тұратын: мысалы, кеңейіп келе жатқан дүниеде аман қалуға біршама аңғал
үмітпен "қоғамдастық салықтары" (жан басының салығы жөнінде) немесе
"қоғамдастықтағы қамқорлық саясаты" (бұл саясат бос тұрған психиатриялық
ауруханаларға қанша сыйса, соншалықты есі ауысқандарды орналастыра алады) дейтін.
"Индепендент Он Сандей" газетінің журналисі атап өткеніндей, қоғамдастық - бір-біріне
қамқор болып жүретін жауапты адамдардың бейнесін суреттейтін "жайлы жақын ұғым",
бірақ оның тіні төмендегідей: "Шын мәнісінде, бір жағынан, абақтының, екінші жағынан,
аурухананың арасында тұрғанның бәрін қоғамдастық деп нобайлауға болады" (Jones,
1993. P. 17).
Екіншіден, Уильямстың қорытуларынан өзгеше осы заманғы саяси теорияда қоғамдастық
(немесе, кем дегенде, одан туындайтын сөз) кейде теріс ыңғайда пайдаланылады да,
қарама-қарсы мағынаға ие болады. Саяси теориядағы, Сандел (Sandel, 1992)