Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
конвенционалдық радикализмнен гөрі неғұрлым практикалық және кемірек
этноорталықтық түсінуге белгі болар; Конноли сияқты кейінгі модернистердің уәделері
беpi салғанда осындай (Connolly, 1991).
Бұл арада халықаралық қоғам ұғымы маңызды болып шығады, өйткені дүниежүзілік
қоғамдастық не бола алатын көптеген оң ыңғайдағы ерекшеліктер заңдар құқығына
негізделген, бірақ қандай да бір жаһандық жобамен - (Нардиннің сөзімен айтқанда /Nardin,
1983/ - практикалық ассоциация ретіндегі халықаралық қоғамның жобасымен бірікпеген
толып жатқан қоғамдастықтарға тән деп топшылауға негіз бар. Мұндай ассоциация өзара
көмек және жанашырлық жолымен қайғы-қасіретті жеңілдету үшін ортақ жауапкершілікті
мойындауға негізделе алады, ал мұның өзі кірістер мен әл - ауқатты елеулі түрде қайта
бөлуді көздейді. Бірақ оның негізі мынада: әлеуметтік әділеттілікке және қоғамдастықты
неғұрлым тереңірек түйсінуге ұмтылыс жаһандық емес, локалдық ауқымда көбірек
көрінеді, неғұрлым маңызды "әділет саласы" - өз мақсаттары жағынан мәдениетаралық
өpic емес, қоғамның ішкі өрісі (Walzer, 1983). Ал мақсат - нақ әлеуметтік байланыстарға
құрылған нақ әлеуметтік қоғамдастықтар ассоциациясы. Бұл ұғымға мінсіз емес дүниедегі
саяси өзгерістердің мақсаты болып қала беруі мүмкін стандарттар жиыны кіретіндіктен,
ол сондай-ақ төл мәністік шекаралары бар дүниежүзілік қоғамдастық ұғымы секілді,
"мінсіз теорияның" жемісі болып табылады (Beitz, 1979. P. 156). Алайда
қоғамдастықтардың бейбіт және заңды ықпалдастығына саятын моральдық автономияның
плюрализмдік мұраты оның баламасынан гөрі бүгінгі дүниеге неғұрлым лайықты болып
көрінеді.
МАЗМҰНЫ
ІРГЕЛІ ТЕНДЕНЦИЯ 3
МЫЗҒЫМАЙТЫН ОБЪЕКТІЛЕР, ТОЙТАРЫЛМАЙТЫН КҮШТЕР 6
ҚОҒАМДАСТЫҚ ШЕКТЕРІ 9
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ 12