Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ғұндар шапқыншылығы да осынау "азиялық" серияның тіпті де алғашқысы болмаған
секілді. Гомер мен Геродоттың әңгімелеріндегі бие сүтін ішетін скифтер нәсілі, тегінде,
кейінгі далалықтар секілді өмір салтын ұстанған, сол нәсілге жатқан болуы керек. Дон,
Донец, Днепр, Днестр және Дунай өзендерінің аттарындағы кельт элементтері, тегінде, бір
нәсілге жатпаса да, дағдылары ұқсас адамдардағы ұғымдарды анықтауға көмектесе алады,
алайда кельттер, кейінгі замандардағы готтар мен варягтар сияқты, солтүстік ормандардан
келгенге ұқсамайды. Дегенмен, антропологтар брахикефалдар деп атайтын, брахикефалды
Азиядан Орталық Еуропа арқылы батысқа қарай, Францияға дейін ығыстырылған
халықтың орасан бір сынасы, тегінде, долихокефалды халықтың солтүстік, батыс және
оңтүстік топтары арасына сіңген болуы және, оның Азиядан шығуы әбден мүмкін.
Дегенмен, Азияның Еуропаға ықпалы біз он бесінші ғасырдағы моңғол басқыншылығы
(бұл автордың немесе орыс тіліне аудармашының қатесі болар, өйткені аталған оқиға III
ғасырда болған - баспа) туралы айта бастағанға дейін байқалмайды; рас, біз мұның бәріне
қатысы бар деректерді талдағанға дейін өзіміздің "еуропалық" көзқарасымызды Ескі
дүниені бүкіл тұтастығымен көзге елестететіндей етіп өзгерткеніміз жөн. Жауын-шашын
мөлшері теңізге тәуелді болатындықтан, орасан зор жер массивтерінің орта тұсында
климат негізінен құрғақ. Міне сондықтан әлем халқының үштен екісі үлкен құрлықтардың
жиегінде - Еуропада Атлантика мұхитының маңында, Үндістан мен Қытайда Үнді және
Тынық мұхиттарының маңайында - орналасқан біршама шағын аудандарда
шоғырланғанына таңдануға болмайды. Бүкіл Солтүстік Африка арқылы Арабияға дейін
мүлде жауын жаумайтындықтан ел қоныстанбаған жердің кең жолағы созылып жатыр.
Орталық және Оңтүстік Африка өз тарихының елеулі бөлігінде Америка мен Австралия
бір - бірінен қаншалықты жырақ болса, соншалықты Еуропа мен Азиядан алшақ жатқан
болатын. Шындап келгенде Еуропаның оңтүстік шекарасы, Жерорта теңізінен гөрі,
Сахара болған және болып отыр, өйткені нақ осы шел ақ нәсілділерді қара нәсілділерден
бөліп тұр. Еуразияның мұхит пен шөл арасында орналасқан ұлан-ғайыр жерлері 21
миллион шаршы километрді, яғни, жер шарындағы барлық жерлердің, егер Сахара мен
Арабия шөлдерін есепке алмасақ жартысын алып жатыр. Азияның бүкіл аумағында Сирия
мен Парсыдан бастап Маньчжурия бағытында солтүстік-шығысқа қарай шашыраған
толып жатқан қияндағы шөлді аудандар бар, алайда солардың ішінде Сахарамен
салыстыратындай бір шөл жоқ. Екінші жағынан, Еуро-Азия өзен ағыстарының едәуір
ерекше таралуымен сипатталады. Солтүстік пен орталықтың үлкен бөлігінде бұл өзендер
адамдардың сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасауы үшін іс жүзінде пайдасыз. Еділ, Окс,
Яксарт тұзды көлдерге; Обь, Енисей және Лена - суық солтүстік мұхитқа құяды. Әлемде
ең зор алты өзен бар. Осы аймақтарда олардан кішірек болса да әжептәуір үлкен өзендер
бар, мәселен, Тарым мен Хельмунд, бірақ олар да Мұхитқа құймайды. Осылайша, шөл
дақтарымен шұбарланған Еуро-Азияның орталығы, жалпы алғанда, кейде оты аз болса да,
байтақ жайылымды далалық өңір болып табылады, мұнда өзендер нәр беретін оазистер
көп болмаса да, осынау құрлықтың бүкіл аумағы қалай дегенмен мұхиттан басталатын су
жолдарымен тілгіленбегендігін тағы бір баса айтуымыз керек. Басқаша айтқанда, бізде
осынау орасан зор өңірде селдір, бірақ аттар мен түйелердің көмегімен көшіп-қонып
жүретін, айтарлықтай мөлшердегі көшпенділердің халқын қолдау үшін барлық жағдайлар
бар. Солтүстікте олардың патшалығы климат тым қатал болғандықтан, батыс және шығыс
жиектерін есептемегенде, ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін тым қатал
субарктикалық ормандар мен батпақтардың кең белдеуімен шектеледі. Шығыста
ормандар Амурды бойлай Тынық мұхиттың жағасына дейін созылып Маньчжурияға
жетеді. Батыста да солай: тарихқа дейінгі Еуропада ормандар негізгі аумақты алып
жататын. Сөйтіп, солтүстік-шығысында, солтүстікте және солтүстік-батыста шектелген
далалар үзіліссіз 4000 миль бойы зеңгерлік пуштадан Маньчжуриядағы Кіші Гобиге дейін