Page 20 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қанағаттандырылатыны сонша, сол тіршілік етудің өзі құлдырап бара жатқанын
көрмейміз.
Алайда, осынау құлдырау үкімет тым асығып-аптығып қимылдаған жерлерде анық
көрінеді. Тэн мен Токвильдің шығармалары бойынша ұлы француз революциясына
дейінгі ахуалды зерттесек, біз осынау сұмдық апаттың адам кызметін титімдей жеріне
дейін өрескел реттеуден, сол қызметтің өнімдерін үкімет пайдасына соншалық ыза
туғызатындай етіп алып қойып отырылғандығы салдарынан өмірдің өзі мүмкін еместей
көрінгендігінен болғанын аңғарамыз. Сол дәуірдің эмпириялық утилитаризмі дәл біздің
заманымыздағы эмпириялық утилитаризм секілді ұтымды утилитаризмнен мынасымен
өзгешеленеді: ол барлық жағдайларда тек жекелеген килігу актыларының адамдардың
жеке¬леген таптарына ықпалын ғана қарастырып, сондай актылар жиынтығының жалпы
жұрттың тіршілігіне ықпал етуіне ден қойған жоқ. Егер біз осынау адасуды сол кездері
мүмкін еткен және оны қазір мүмкін етіп отырған себепті іздестіре бастасақ, біз бұл
себептің үкіметтің билігі ештеңемен шектелмеуге тиіс деген соқыр сенім екенін табамыз.
Монархты қоршап тұрған және одан билікті мұраға алған институт төңірегінде сәулесін
қалдырған "жаратқанның нұры" мүлдем ғайып болған кезде, халық басқаратын ұлтта
үкімет дегеніңіз атқарушы комитеттен өзге ештеңе де еместігі және бұл комитетте оған
іштей тән ешқандай билік жоқ екендігі баршаға айқын болған кезде, сол кезде одан
мынадай байлам жасалады: үкіметтің билігі оны орнына қоятындардан шығады және оған
анықтап берілген шектерде ғана болады. Бір мезгілде мынадай да байлам жасалады:
өкімет шығаратын заңдар өз-өзінен қасиетті емес, қайта ондағы қасиетті атаулының бәрі
түгелімен адам өмірінің заңдарынан тамыр алатын моральдық рұқсатта, өйткені ол
әлеуметтік тіршілік жағдайында өтіп жатады. Осыдан біз мынадай қорытынды
шығарамыз: заңдар сол моральдық рұқсаттан айрылған кезде, онда қасиетті ештеңе де
қалмайды және құқық бойынша серпіп тастала алады.
Өткен замандарда либерализмнің қызметі корольдер билігінің шегін көрсетіп беруде
болған еді. Болашақтағы шынайы либерализмнің қызметі парламенттер билігін шектеу
болады.
"Гербертъ Спенсеръ. Личность
и государство. С.-Петербургъ.
1908" басылымынан қазақшалаған
Нұрмахан ОРАЗБЕК.