Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
доктриналары да, саяси қайраткерлердің әдеттегі практикасы да құбылыстардың
жаратылыстық себептік байланысы жеткілікті түсінілмейтінін айғақтайды. Жалпы былай
ойлау әдет болып кеткен: анық кедергі болмаған жағдайда былай да, олай да етуге болады
және осынау қылық өмірдің қалыпты ағысына орайласа ма, жоқ па деп ешкім сұрамайды.
Осынау толғамдар, менің ойымша, үкіметтің пайдалылық, демек, қарекет принциптері
үстірт фактыларды қарастырып, соларды алғаш қарағанда қандай көрінсе, сондай екен деп
мойындаумен анықтала алмайтынын, қайта негізгі фактыларға орайластырылуға тиіс
екенін көрсетті. Пайда туралы барлық ұтымды пікірлер санасуға тиісті негізгі фактылар
мынада жатыр: өмір дегеніңіз қызметтің белгілі көріністерінен құралып, оны солар қолдап
отырады және қоғамда өмір сүретін адамдар арасында олардың қызмет өрісі бірін-бірі
өзара шектей отырып, әркімге сол шектер жасайтын, одан әрі емес, шектерде тиесілі
болуға тиіс, және де сол шектерді күзету кейінірек қоғамды басқаратын агенттердің
міндетіне айналады. Егер, әркім, өзінің қабілеттерін белгілі бір шекке дейін пайдалануға
бостан бола отырып, басқалардың дәл сондай бостандығымен белгіленген шекке дейін
пайдалануға бостан бола отырып, өзінің қызметі үшін өзінің жолдастарынан олардың
бағасы бойынша басқалардың кызметімен салыстырғанда қанша алуға лайық болса,
сонша ала¬тын болса; егер орындалатын шарттар барлық жерде әркімге сондай тәсілмен
анықталған абырой беретін болса және егер ол өзінің кісілігі мен өзінің құқықтарының
өзінің қажеттерін өзінің кірістері арқылы қанағаттандыра алатындай дәрежеде қорғалуын
пайдаланатын болса, онда индивидуалдық та, қоғамдық та тіршілік етудің өмірлік
принципінің қамтамасыз етілгені. Мұның үстіне әлеуметтік прогрестің өмірлік принцип!
де қамтамасыз етіледі, өйткені мұндай жағдайда неғұрлым лайық индивидтер кемірек
лайық индивидтерге қарағанда табысқа жетіп, күштірек көбейетін болады. Сонымен,
эмпириялық жолмен емес, ұтымдылық жолымен айқындалатын пайда индивидуалдық
құқықтарды қолдап отыруды, демек, оларға жағымсыз нәрсеге тиым салуды талап етеді.
Бұл арада біз ақырғы шекке дейін жеттік, оның алдында заң шығарушының араласуы
тоқтатылуға тиіс. Азаматтардың қызметіне тіпті ең именшек пошымдағы араласу
ұсынысы атаулы, егер тек бұл олардың өзара шектеуін қорғау мақсатында жасалмаса,
өмірдің негізгі шарттарын бұзу жолымен тіршілік жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныс
болып шығады. Кейбір адамдарға, басқалар мас болып ішіп алмауы үшін, сыра сатып
алуға кедергі жасалғанда, сол заңды шығарушылар, қылықтар мен олардың салдарлары
арасындағы қалыпты қатынасқа бұл араласу өзін-өзі ұстай алмайтын аз адамдарға да,
ұстамды коп адамдарға да жамандықтан гөрі көбірек жақсылық әкеледі деп ойлайды. өз
отанында жолы болмаған бірнеше адамды отарларға жөнелту үшін немесе
жұмысшылардың үйлерін жақсарту үшін яки көпшілік кітапханаларын, мұражайларды
және тағы басқаларын ашу үшін халық бұқарасы кірісінің бір бөлігін жиып алатын үкімет
даусыз факт ретінде бүгінгі күні ғана емес ертеңгі күні де баршаға бірдей бақытты ұлғайту
сол бақыттың елеулі шартын, атап айтқанда - әркімге ешқандай кедергісіз орындалған
қарекеттер берген қаражатты пайдалану мүмкіндігін бұзудың салдары болады дегенге жол
береді. Басқа жағдайларда біз бүгінгінің ертеңгі жөнінде мұндай алдауына жол бермейміз.
Меншікке жеке кәсіпорындар тарапынан қол сұғылмайды деп жариялай отырып, біз нан
дүкенінен нанды азырақ алатын адам үшін пайда азырақ бола ма әлде наубайға
келтірілетін нұқсан көбірек бола ма деп бас қатырып жатпаймыз; біз меншіктің
қамтамасыз етілмеуінен туындайтын жеке қарекеттерді емес, ортақ қарекеттерді
қарастырамыз. Бірақ мемлекет азаматтарға жаңа міндеттер жүктегенде не¬месе олардың
бостандықтарын тағы да шектегенде, біз тек тікелей де таяудағы қарекеттерді көреміз де,
индивидуалдық құқықтар саласына осынау тұрақты килігудің жанама да қашық
салдарларын елемейміз. Біз сол құқықтардың елеусіз ғана бұзылуының жинақтала беруі
арқылы индивидуалдық немесе әлеуметтік тіршілік етудің өмірлік шарттары тым нашар