Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мәнісі: демократияны өз үйінде жетілдіре отырып, Америка өз құндылықтарын барынша
жақсы орнықтырады, және сондықтан ол адамзаттың қалған бөлігі үшін шамшырақ
қызметін атқарады; екіншісінің мәнісі мынаған саяды: құндылықтардың өзі АҚШ-ты
олардың дүниежүзілік ауқымда орнығуы үшін күресуге міндеттейді. Патриархатық
өткенді аңсау мен мінсіз болашаққа жалынды ұмтылыс арасында әрі-сәрі болған
американдық ақыл-ой изоляционизм мен халықаралық істерге тартылу арасында
аласұрды, дегенмен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған уақыттан былай өзара тәуелділік
факторлары басым мәнге ие бола түсті.
Ойлау жүйесінің АҚШ-ты тиісінше не шамшырақ ретінде, не крест таққан күрескер
ретінде тәпсірлейтін екі бағыты да қалыпты жағдай ретінде демократияға, сауда
бостандығына және халықаралық құқыққа негізделген жаһандық халықаралық тәртіпті
көздейді. Мұндай жүйе өмірде ешқашан болмағандықтан, оны құруға шақыру өзге
қоғамдарға көбіне-көп аңғырт демесек те, утопиялық нәрсе болып көрінеді. Дегенмен,
шетелден жайылған скептицизм Вудро Вилсонның, Франклин Рузвельттің немесе Рональд
Рейганның және, шындап келгенде XX ғ. барлық басқа американ президенттерінің
идеализміне көлеңке түсіре алған жоқ. Қалай десек те, ол тек американдардың тарих
барысын бұрып жіберуге болатынына және егер әлем шын мәнінде бейбітшілікті аңсаса,
онда ол мораль тұрғысында американ рецепттерін пайдалануы керектігіне сенімін қуаттай
түсті.
Ойлау жүйесінің екі бағыты да американдық тәжірибенің жемісі болып табылады. Басқа
республикалар да болғанына және әлі де бар екендігіне қарамастан, олардың бірде-бірі
бостандық идеясын орнықтырып, қорғау мақсатында саналы түрде құрылған емес.
Ешқашан ешқандай басқа елдің халқы бостандық үшін және баршаның шешек атуы үшін
жаңа континентті игеру мен оның тусырып жатқан кеңістіктерін бағындыруды өзінің
міндеті етіп таңдаған емес. Осылайша, изоляционистік және миссионерлік екі көзқарас та,
сырттай соншалықты қарама-қайшы көзқарастар, Құрама Штаттар дүние жүзіндегі ең
үздік басқару жүйесіне ие және басқа барлық адамзат дәстүрлі дипломатиядан бас тартып,
елге тән халықаралық құқық пен демократияға құрмет қатынасын қабылдау арқылы
бейбітшілік пен гүлденуге жете алады деген сол көзқарастардың негізінде жатқан ортақ
сенімді бейнелейді.
Американың халықаралық саясатқа енуі практикадан сенімнің салтанат құруына айналды.
Ол 1917 жылы әлемдік саяси аренаға шыққан сәттен бастап, оның өз күшіне және өз
мұратының әділдігіне сенімінің нық болғандығы соншалықты, біздің ғасырымыздағы ең
басты халықаралық келісімдер - Ұлттар лигасы мен Бриан - Келлог пактысынан бастап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен Хельсинкидегі мәжілістің Қорытынды
актысына дейін - американдық құндылықтардың жүзеге асқандығы болып шықты.
Кеңестік коммунизмнің күйреуі американдық мұраттардың интеллектуалдық жеңісінің
шыңы болды, бірақ бұл, тағдырдың тәлкегімен, елді оның өзі бүкіл тарихында көрмеуге
ұмтылған әлеммен бетпе-бет келтірді. Туындап келе жатқан халықаралық тәртіп аясында
ұлтшылдық жаңа тынысқа ие болды. Ұлттар асқақ моральдық принциптерді ұстанғаннан
гөрі өз мүдделерін әлдеқайда жиі күйттейтін болды, ынтымақтастық жасаудан гөрі жиі
бәсекелесетін болды. Және дүниенің өзіндей көне тәртіп моделі өзгерді, не таяудағы
онжылдықтарда өзгере қалады деуге негіз шамалы.
Ал туындап келе жатқан дүниежүзілік тәртіптегі шын жаңалық - АҚШ енді сол дүниеден
бойын аулақ сала да алмайды, сонда үстемдік ете де алмайды. Ол тарихи даму барысында
өзіне алған рөлге көзқарасын өзгерте алмайды, және оған ұмтылмауға тиіс - ті. Ел
халықаралық аренаға шыққан кезде, ол жас, мықты болатын, өзінің халықаралық