Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Генри КИССИНДЖЕР
ДИПЛОМАТИЯ
(Кітаптың жекелеген тараулары)
(1923) - Американың мемлекет қайраткері, дипломат және халықаралық қатынастар
саласындағы сарапшы, Нобель сыйлығының лауреаты. 1923 жылы Германияның Фюрт
қаласында туған, 1938 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кетуге мәжбүр болған.
Гарвард университетін бітіріп, сонда диссертация қорғады. Саясаттану профессоры
атанғаннан кейін ұстаздың және ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысты. 1955
жылы АҚШ Сыртқы қатынастар жөніндегі кеңесінің зерттеу тобына кірді. 1957
жылы "Ядролық қару және сыртқы саясат" атты кітабын жариялады. Осы еңбегі үшін
Вудро Вильсон сыйлығын алды. Ол президенттер Д. Эйзенхауэр, Дж. Кеннеди,
Л.Джонсон тұсында қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы ретінде үкіметтегі
жұмыстарға тартылды.Оның халықаралық қатынастарға прагматикалық, көзқарасы
оның АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге қол жеткізуіне
мүмкіндік берді, 1971 жылы Батыс Берлин бойынша Төрт жақты келісімге, ал 1972
жылы - Стратегиялық шабуыл қару - жарағын қты шектеу туралы келісімге (ОСВ-1)
қол қойылды. Никсон атындағы зерттеу институтының құрметті президенті.
1-тарау
Жаңа дүниежүзілік тәртіп
Әрбір ғасырда, табиғаттың әлде бір заңына бағынатындай, халықаралық қатынастардың
бүкіл жүйесін өз құндылықтарына сәйкестендіруге құдірет - қуаты, ырқы, сондай-ақ
интеллектуалдық және моральдық стимулдары бар бір ел пайда болып отыратын секілді.
XVII ғасырда кардинал Ришельенің тұсында Франция халықаралық қатынастар мәселесіне
сол кез үшін жаңа көзқарас ұсынды, ол ұлт - мемлекет принциптеріне негізделген және
ақтық мақсат ретінде ұлттық мүдделерді жариялаған көзқарас болатын. XVIII ғасырда
Ұлыбритания содан кейінгі 200 жыл бойы еуропалық дипломатияда үстемдік еткен
күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасын талдап әзірледі. XIX ғасырда Меттернихтің
Австриясы "еуропалық концертті" қалпына келтірді, ал Бисмарктың Германиясы оны
бөлшектеп, еуропалық дипломатияны күш саясатының салқынқанды ойынына
айналдырды.
XX ғасырда халықаралық қатынастарға ешбір ел АҚШ секілді соншалықты үзілді-кесілді
және бір мезгілде соншалықты екіұшты ықпал еткен жоқ. Бірде-бір қоғам басқа
мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға болмайтындығын соншалықты табанды жақтаған
және өз құндылықтарын пайдаланудың әмбебаптығын соншалықты жалынды қорғаған
емес. Бірде-бір ұлт күнделікті дипломатиялық қызметте одан неғұрлым прагматик немесе
өзінің тарихи қалыптасқан моральдық нормаларын сақтауға тырысуда одан неғұрлым
идеологияландырылған болған емес. Бірде-бір ел Биті одақтарға кіре тұрып және өзіне
кеңдігі мен көлемі жағынан теңдесі жоқ міндеттер ала отырып, шетелдегі істерге өзінің
араласуы туралы мәселелерде одан асқан ұстамды болған емес.
Құрама Штаттар өзінің тарихи даму барысында ие болған өзіндік ерекше белгілер сыртқы
саясат мәселелеріне бір - біріне қарсы екі көзқарас туындатты. Олардың біріншісінің