Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы теоретиктер діни сенімдердің билігін
және олардың дүниежүзілік оқиғаларды анықтаудағы, қалыптастырудағы рөлін,
құрастырушы күшін ылғи да жете бағаламайды. Сенімнің күші дегеніміз биліктің
пошымы; бұл бірін-бірі өзара алмастыра беретін нәрселер. Орталық Еуропадағы
оқиғаларды католиктік шіркеудің рөлін есепке алмай түсіндіру мүмкін емес. Әлбетте,
католицизмнің билігі барлық жерде бірдей емес. Венгрияда католиктік шіркеудің маңызы
Польшадағыдан кем болды, ал Герман Демократиялық Республикасында басты саяси
рөлді протестанттық шіркеу атқарды. Бірақ мен репрессияшыл режимге индивидуалдық
қарсы шығу мен топтық ынтымақ сарыны ретінде діннің күшінен гөрі, II Иоанн Павел
Папаның шығыс саясатының аймақтағы бүкіл күштер балансын қайта пішудегі орасан зор
ықпалын баса айтқым келеді. Шіркеу - Батыстың дипломатиялық өміріндегі ең қарт
ойыншы, алайда халықаралық қатынастарды оқып-үйреніп жүрген студенттерге мұны
айтпайды.
Бәлкім бұл батыс ойшылдары үшін дін әлдене ұятқа қалдыратын кедергі секілді
екендігінен шығар, ал бұл қысылыс тұжырымдамалық сәйкессіздікке және теориялық
қолапайсыздыққа жетелейді. Бәлкім, бұл арада Фрейдтің: "Теория жақсы, бірақ ол
заттардың бар болуына кедергі жасамайды", деген мысқыл ескертпесін келтіру орынды
болар. Ислам 800 миллион адамның өміріне бағыт-бағдар береді. Православие сап-сау
және Ресейде шешек атуда. Інжілдік, фундаменталиста және харизмалық протестантизм
Латын Америкасында таралуда. Осынау феномендер біздің түсіндіруші схемаларымыздан
әлі көп уақыт тыс қала бере ме? Діни сенімдер ішкі - халықаралық деп бөлінуді
ұстанбайды. Біз төл зерттеулерімізде осыдан үлгі алуымыз керек.
Бірақ қазір мен ұлтшылдық мәселесіне ден қойғым келеді. Егер саяси ғылым мен
халықаралық қатынастар теоретиктері дінді бар жауапкершілікті өз мойнына алып және
өздерінің ортодокстық идеяларын нығайту мақсатында елемесе, біз ұлтшылдыққа тиісті
көңіл бөлеміз, бірақ бұл әдетте "қол бұрау" тұрғысынан жасалады (Nairn, 1993). Бұл арада
дүниеде не болып жатқанын және ол жақсылық жағына қарай болып жатыр ма дегенді
жан-жақты талдайтын орын жоқ. Бірақ біз білуге уақыт жеткен бірнеше нәрсе бар.
Солардың бірі: империя шеңберінде жекелеген ұлттық ұқсастықты басып-жаншу -
әрқашан уақытша құбылыс. Осынау ұқсастықтар бұғаудан жұлқынып шығып, өздерін
жаугершіл пошымда көрсете алады. Және бұл бізді неге таң қалдыруға тиіс? Бірде сэр
Исайя Берлин (Berlin, 1991. P. 20) айтқанындай: "Халықтар өзіне жүрдім-бардым қараудан
билік жүргізуші ұлт, билік жүргізуші тап немесе кім де болса да билік жүргізуші
тарапынан берілетін бұйрықтардан қажып бітеді. Ерте ме, кеш пе, олар ұлтшылдық
сұрақтар қоя бастайды: Біз неліктен бағынуға тиіспіз? Олардың қандай хақысы бар? Ал
біз ше? Біз неге өйте алмаймыз?".
Өзінің ұлтшылдық жөніндегі маңызды еңбегінде Лиа Гринфилд былай деп атап өтеді:
"Ұлттық ұқсастық өз негізінде абырой-намыс мәселесі. Ол адамдарға өзін-өзі мақтан етуге
негіз береді". Тарихи жағынан алғанда халықтар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да
"өзін сыйлаттыру үшін, аз дәрежеде – басқа бірдеңе үшін" күресті (Greenfield, 1992. P.
487-488). Ұлттық мемлекет моделі тарихта батыстық инновация ретінде 1648 ж.
Вестфалия шартының негізінде пайда болды да, бұл модель дүние жүзіне тарады.
Несібесіз адамдар ұлттық мемлекетті, егемендікті немесе ұлттық автономияны жоюды
емес, батыс отаршылдығы, кеңестік империализм немесе басқа кез-келген сыртқы күш
тарапынан жасалатын төл тарихын, тілін, мәдениетін, ұжымдық ұқсастығын басып-
жаншудың доғарылуын қалайды. Ұлттық мемлекеттің азаматтық ұқсастық дүниесінің