Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Ч. Мерриам. САЯСАТТЫҢ ЖАҢА Қ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қоғамтанушылар кейде адамдap тәртібін ғылыми әлеуметтік қадағалау мүмкін емес деп
санайды.
Биология, психология, антропология, психопатология, медицина, Жер туралы ғылым өз
зерттеулерінің нәтижелерін әлеуметтік ахуалдарға пайдалану жолымен жүріп келеді.
Олардың өкілдері барлық жерде - Конгресте, орталықтарда, сотта, персонал құрамында.
Бүкіл дәмелерімен қоса осынау жаңа бағыттарға саясаттану мен басқа саяси ғылымдар
қалай қарайды? Біз оларды, осынау сыйлай білмейтін жаратылыстанушы ғалымдарды,
өзімізден аулақ ұстаймыз ба, әлде олар біздің заңдарымызға бағынғанша аластап
жібереміз бе; оларға дауыс бермей қоямыз ба, әлде жай ғана көзге ілмей, өз жолымызбен
жүре береміз бе? Жоқ, жаратылыстанушы ғалымдарда әлеуметтік соқыр сенімдер бірталай
екендігіне қарамастан, бізге оларды қалдыруға болмайды. [...] Егер олар дүниені билеп-
төcтeгіci келсе, олар саясат пен әлеуметтік қатынастар туралы әлдеқайда көп білуге тиіс,
әлi біле түседі. Олар, бәлкім, жаратылыстануды пайдаланудың әлеуметтік салдарларының
маңыздылығы әсерін бізден гөpi көбipeк білетін шығар.
Психологиялық және биологиялық айырмашылықтар мен басқару жүйелері арасында
қандай да бip байланыс бар ма деген сұрақтан да қашқалақтауға болмайды. Адамдар
теңдігінің табиғаты мен бөлінуін қазір психологтар зерттеп жатыр, және саясаттану
психологияның дамуындағы мүмкіндіктерді зерттемей тұра алмайды, ал IQ-ны
3
белсене
қолдану жақтастарының асығыстығы соған байланысты барлық проблемалардың
елеулілігін түсінуден құтқара алмайды.
Тұқым қуалаушылық пен генетиканың
4
осы заманғы ғылыми доктриналары біздің саяси
және экономикалық тәртібіміздің негіздеріне ықпал ете ме? Тәртіптің физиологиялық
негіздері туралы өзінің жұмыстарында Чайлд және жануарлар тәртібінің неврологиялық
негіздерін зерттеулерінде Херрик саяси тәртіппен шектесетін бірталай қызықты
проблемаларды көлденең тартты. Біздің саяси ақиқаттарды iздестіруімізге олардың қандай
қатысы бар?
Геология және география секілді жер туралы, ғылымдар саясат проблемаларына қандай
ықпал eтeді? Басқарудың жиынтық өніміндегі тіршілік өpiciнiң рөлі қандай? Генетик,
тipшілік өpici мәселелері жөніндегі маман, әлеуметтік және саяси қадағалау
проблемаларын зерттеуші не нәрседе бipауызды болады, өздерінің ізденістерінің
нәтижелерін қалай бipiктipeдi және жаңаларын қалай іздестіре бастайды?
Біздің әлеуметтік ойлау жүйесінің арт жағында тұрған сан тарау түсініктермен не icтeyiмiз
керек? Біз саясаттың экономикалық тәпcipiмeн таныспыз, бірақ басқа да, маңызы кем
емес, бipақ зерттелмеген өpicтep жоқ па? Доктор Мэйо, меніңше, егер адам - бiтicпec
радикал немесе реакционер болса, онымен айтыспай-ақ, клиникаға жөнелткен жөн дей
алар еді. Басты шырмап алған идеяны немесе истерияны көтеншектің қысылуы немесе тұз
балансының бұзылуы, қан қысымы немесе "қажетті синтездің" болмауы яки осы арада
соншалықты әспеттеп суреттелген басқа бip медициналық - психологиялық себеп есебіне
жатқыза салуға болады. Саяси ойлау жүйесі мен қарекеттерге қажу, диета, сезімдер қалай
ықпал етеді? Ерте ме, кеш пе бiз олардың саяси тәртіп пен қадағалауға қатынасын анықтау
үшін саяси ойлау жүйесінің барынша әртүрлі өpicтepiнe жүгінуіміздің қажеттігін
аңғарамыз. Бұл пpoцecтi кейінге қалдыра тұруға болады, бipaқ ұзаққа қалдыруға
болмайды.
3
Inelligence Quotient -ақыли даму коэффициенті.
4
Евгеника - адамның тікелей денсаулығы туралы, адамзаттың эволюциясына оның табиғатын жақсарту
мақсатында ықпал ету жолдары және т.б. туралы ілім.