Page 3 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
3
келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, „башалшік
1
ноғай" деп. Орысқа да күлуші еді:
„ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс" деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, „ұзын құлақты тауып бер
депті" деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман
келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп,
қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің
жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен-өзі әуре болып, біріменен-бірі
ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ақиреттігін
2
,
тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап
кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті.
Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда.
Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды,
молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар
біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз
жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: „сәнің шақшы
3
аяғың білән
пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық қазақ", — деп үйінен қуып шығарады. Оның
бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық
әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан,
бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
ҮШІНШІ СӨЗ
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының,
рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау
болатұғынының себебі не? һәмма ғаламға белгілі данышпандар
әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ,
мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан
арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы
жоқ жандар шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа, ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда,
өнер, ғылым — солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген
малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе,
малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап
отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен
біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған
және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек — әр қазақтың ойы осы.
1
Ұсақ саудагер.
2
Бұл жерде өлген кісіні орайтын кебін мағынасында.
3
Лас, былғаныш.