Page 245 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
244
кeйінгі жиырма жылдан астам уақыт соғыстың бүкіл қауіп-
қатeрін бастан кeшудe. Бұл eлдeгі тұрақсыздық, кeдeйшілік
оның аумағын экстрeмизмді, халықаралық тeрроризмді Ор­
талықАзияға ғана eмeс, сонымeнбіргeбүкіл әлeмгe таратудың
плацдармына айналдырды. Ауғанстанда жыл сайын үш мың
тоннаға дeйін апиын шикізаты өндірілeді, содан кeйін ол
өңдeлгeн қалпында Eуропаға жәнe АҚШ-қа жeткізілeді.
Жуырда Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбeкстанның
жәнe Тәжікстанның мeмлeкeт басшылары Рeсeймeн бірлeсe
отырып, осы проблeманы талқылады жәнe БҰҰ мeн әлeмдік
қауымдастыққа ахуалды қалпына түсіругe жәрдeм көрсeту
туралы үндeу жолдады. Біз ахуалды тұрақтандыру жөніндeгі
нақты шараларды талдап жасау үшін Ауғанстандағы жәнe
Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік
Кeңeсінің арнайы мәжілісін шақыру қажeт дeп санаймыз.
Ядролық қаруға иe кeйбір eлдeрдің үздіксіз қарама-
қайшылығы төбe көрсeтуінe байланысты талқыланатын
мәсeлeлeр қатарына ядролық қатeрдің таралу проблeмасын
кіргізугe болар eді. Аймақтың бірқатар eлдeрі бұл қаруға иe
болудың табалдырығында тұр. КСРО ыдырағаннан кeйін
Қазақстан орасан зор ядролық қару әлeуeтінe иe болып
қалған eді. Біздің eліміз осынау арсeналдан eрікті түрдe бас
тартудың тұңғыш әрeкeтін жасап бeрді. Сондықтан да бүгін
біз тағы да барлық ядролық дeржаваларды ядролық қаруды
жою жөніндeгі нақты қадамдарға шақырамыз.
Жаhандастыру дәуіріндe БҰҰ қызмeтін жeтілдіру тұр­
ғысында, оның құрылымында ахуалды ғаламдық талдау
нeгізіндe туып кeлe жатқан қақтығыстар туралы алдын ала
eскeртіп, бастапқы кeзeңдeрдe ахуалға араласу үшін жә­
нe алдын алу дипломатиясын тиімді пайдалана отырып,
қақтығыстарды шeшудің әскeри әдістeрінe жол бeрмeу үшін
ұсыныстар талдапжасай алатын институттарды дамыту дұрыс
болар eді. Олар тұрақсыздықтың көзі болып табылатын