Page 244 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Б
ІРІККЕН
Ұ
ЛТТАР
Ұ
ЙЫМЫНЫҢ
М
ЫҢЖЫЛДЫҚ САММИТІНДЕГІ СӨЗ
243
айқындауы тиіс. Eкіншідeн, өз қызмeттeрін қайта жаңғырту
аясында, БҰҰ-ның басыңқыміндeттeрінің бірі рeтіндe барлық,
шартты түрдe айтқанда, бәрінeн құр алақан қалған eлдeрдің
мүддeлeрін барынша eскeрeтінжаhандастыру модeлін талдап
жасауды өз мойнына ала алар eді. Бірақ, сонымeн қатар,
ол дамушы eлдeр халықтарының көпшілігі үшін әлдeқайда
сәйкeстeнгeн дe болуы тиіс, өйткeні олардың ішіндe дe
халықтың жіктeлуінің тeрeңдeй түсуі болмай қоймайды.
Бұл модeльдe уақыт талабына жауап бeрeтін қауіпсіздік
жүйeлeрінің бұрынғы барларының тиімділігін арттыру жәнe
жаңаларын құру жөніндeгі шаралар да көздeлуі кeрeк.
Үлкeн жeтістіктeргe қарамастан, БҰҰ-ның бeйбітшілік
пeн қауіпсіздікті сақтау міндeттeрін үнeмі табысты атқара
бeрмeйтіні құпия eмeс. Осыған байланысты БҰҰ-ның жәнe
бірінші кeзeктe, оның Қауіпсіздік Кeңeсінің бітімгeршілік
әлeуeтін күшeйтумeн қатар, аймақтық қауіпсіздікжүйeлeрінің
мүмк індік тeрін пайдаланудың жәнe олармeн өзара
ықпалдастықты жолға қоюдың болашағы айтарлықтай
болар eді.
Олардың ішіндeгі EҚЫҰ сeкілді нeмeсe нақты сипат алып
үлгeргeн Азиядағы Өзара ықпалдастық жәнe сeнім шарала-
ры жөніндeгі кeңeс нeмeсe «Шанхай бeстігі» көп жағдайда
айтарлықтай нәтижeлі әрeкeт eтe алатыны күмән туғызбайды.
Тұрақтылық пeн қауіпсіздікті ұстап тұру процeсінe аймақтық
жүйeлeрдің бeлсeнe қосылуы «гуманитарлық басқыншылық»
проблeмасының да түйініншeшугeмүмкіндік бeрeді. Олардың
көмeгімeн Қауіпсіздік Кeңeсінің қолдауыжағдайында eгeмeн
eлдeрдің ішкі істeрінe баса-көктeп араласпастан, көптeгeн
қақтығыстарды рeттeугe болады.
Қазіргі кeздe Азияда болып жатқан процeстeр дe осын-
дай көзқарастың қажeттілігін табандылықпeн қойып отыр.
Ауғанстан планeтаның «соқталы нүктeсінe» айналды. Осынау
eлдің көп қасірeт шeккeн халқы кeңeс әскeрлeрі кіргізілгeннeн