Page 428 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
427
бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің
бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама
астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург
– Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лон-
дон – Темзада тұр. Оның үстіне, Ақмола Қазақстан мен бүкіл
Еуразияның орталығына орналасқан.
Әрине, жаңа астананы армандау бар да, оны іске асыру
бар ғой, екеуі – екі түрлі нәрсе. Ал іске асыру жағы мүлде
болмайтындай көрінетін, ол үшін тек қана өзіңе және бір
кереметке ғана сену керек сияқты.
Біздің жас елорданың негізінің қалануымен қалыптасуы-
ның егжей-тегжейлі менің «Еуразия жүрегінде» атты кітабым-
да жазылған, ал мұнда сол көшіру тарихының өзін, тәуелсіз
Қазақстанның қалыптасуында жаңа астананың қаншалықты
рөл атқаратынын мән-мағынасын ашып бергім келді.
Елдамуыныңжаңакезеңіндежаңаастана,Қазақстанұлтын
біріктіретінеліміздіңбасқаласығанаболыпқалмауыкерек.Аста-
на қарқыны қауырт экономикалық белсенділікті қамтамасыз
ете отырып, болашақта бүкіл Еуразияның экономикалық
мегаполистерініңбіріне айналуытиіс.Осыфакторларға сүйене
отырып, барлық жол тораптарының тоғысатын жеріндегі
астананың орнын анықтауымыз керек болды. Сонымен бірге
соған таяу маңға өнеркәсіп орындарын орналастыру және
оларға қажетті білікті мамандардың болуы да естен шыққан
жоқ. Елордасы болуы үшін осы айтылған өлшемдер мен
белгілерге осы белдіктегі қалалардың ішінде бірден-бір сай
келетіні Ақмола болып шықты.
Иен далаға осы заманғы қаланы салу мүмкін емес, бұл
өлкені көтеру, тек кеңестік кезеңде, тың көтерумен ғана бай-
ланысты болды деген сөздерді мен талай рет естідім.
Бірақ та қазіргі Астана тұрған жер – ықылым заманнан
адам қоныс қылған өңір. Ежелгі және қазіргі зерттеушілердің
еңбектерін мұқият оқып қарасақ, Ақмола жерінің қашанда
әртүрлі тайпалар мен мәдениеттердің бір-біріне өзара