Page 427 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
426
Мойындауым керек, поэзияға аса мықты емеспін, бірақ,
елорданы Алматыдан Астанаға көшіру үрдісі барысын-
да, менің ойымнан үнемі Олжас Сүлейменов өлеңдерінің:
«Даланың даңқын асқақтат, Таулардың сағын сындырмай», –
деген біржолдары ойымнаншықпай-ақ қойды. Мен үшін осы
сөздердіңмағынасымүлде өзгеріп кеткен сияқты көрінді. Атап
айтқанда, Алатаудың бауырындағы тамаша қаланы сақтай
отырып (көбіне және осы үшін), сонымен бірге, Сарыарқаның
төсінде жаңа астананы салу сияқты өзіміздің алдымызға өте
күрделі міндет қойдық.
Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ер-
теректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол
кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның
экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Ал қазір мен, Астананың көшелерінен өтіп бара жатып,
оған сүйсіне қараймын. Көптеген астаналықтар сияқты, мені
де бұл жерде, ештеңемен шатастырып алмайтындай, өз
үйімді тапқандай айтып жеткізуге болмайтын сезім баура-
ды. Кісі оны басқа еш нәрсемен шатастырып алмайды ғой.
Бұл қуаныш пен тылсым тыныштықты қатар сезіну болатын.
Тіпті көше шамдарының өзі саған нұр шашқандай, ал ағаш
жапырақтары сенің басыңнан сипағандай сезімге оранасың.
Білсеңіздер, маған осы ғимараттардың тұрғызылу қарқыны
бір түрлі баяу сияқты көрінеді де тұрады. Ал құрылыстың
мерзімі шындығында кімді болса да таң қалдырғандай. Кеше
ғана осы жер желі азынаған қу дала сияқты еді ғой! Ол кезде
қала әлі Ақмола атанатын.
1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық
болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден
көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге
қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзенжатқан болса,
қашанда сол ұнайтын.
Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді.
Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның