Page 394 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
393
өнерде деген тоқтамға келеді. Сөйтіп, жан дүниенің тебіре-
нісін сыртқа шығара алатын аспапты – қобызды ойлап
табады. Аңыз бойынша, Қорқыт ата дарияның ортасына,
судың бетіне кілемін төсеп, қобызын тартатын көрінеді. Сонда
күйдің құдіреті оны судың бетінде қалқытып, батып кетуге
жібермепті. Қорқыт ата қобызын тартып отырғанда өлімнің өзі
де ол жерден қашып, бақытты өмір ғана қалады екен. Бірде
ол ұйықтап кетсе керек, сол кезде судан бір кішкентай жылан
шығып шағып алыпты, абыз содан көз жұмыпты.
Данышпанды кең даланың төріне жерлеген. Өлерінің
алдында ол өзінің қасиетті жерді тапқанын айтады. Бұл жер
– Сырдарияның бойы екен. Ол өзі көз жұмған жерін «жер
кіндігі» деп атаған көрінеді. Қорқыт ата дәл осы жерде өзі-
нің аспанмен және Жаратушымен байланысты сезінгенін
айтыпты.
Талай ғасырлар өткеннен кейін Сергей Королев бас-
таған кеңес ғалымдары ғарыш айлағын салу үшін қазіргі
Байқоңырды таңдап алды. Бұл Қорқыт ата жерленген өңірге
таяу тұрған жер. Қателеспепті. Бірнеше ондаған ғарыш
айлақтарының ішінде, Байқоңыр өзінің орналасуы бойынша
ең қолайлысы деп табылды. Ол экваторға әжептәуір жақын
орналасқан. Механиканың заңы бойынша ғарышқа ұшыру
үшін отын аз жұмсалатын көрінеді. Сонымен бірге экватордың
өзінде орналасқан ғарыш айлақтарынан ерекшелігі сол,
мұнда жауын-шашын жоқтың қасы. Күн жылдың 300 күнін-
де жарқырап тұрады.
Шынында, Байқоңыр дүниежүзі ғарышкерлігінің бесігіне,
ғарыш орталығына, адамдар ғарышқа аттанатын Жердің
айлағына айналды. Дәл осы жерде, қазақ жерінде, олар
ғарышкерлер атанды.
Ал біздің қазақтан шыққан ғарышкеріміз қайда? Осын-
дай қисынды, нақ және анық сұрақ менің, яғни Қазақ КСР-і
Президенті ретіндегі менің алдымнан 1990 жылы шықты.