Page 393 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
392
Ж
ер
кіндігі
Осыдан он бес жыл бұрынғы оқиғаларды еске ала
отырып, мен, бір үлкен рәміздік мәні болған тарихи жағ-
дайдың түйісуіне таң қалдым. Қазақстан егемендігінің
орнауы ғарыштың өзінен басталды. Кеңес Одағының
ыдырауы қарсаңында,1991 жылы тамызда «Байқоңыр»
ғарыш айлағы республиканың меншігі деп жарияланды,
осы жылдың қазанында ғарышқа бірінші қазақ ғарышкері
ұшты, ал Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны біз
желтоқсанда қабылдадық. Яғни ұлттық мемлекет болғымыз
келген ниетімізді, біз, жерден гөрі, ғарышта бұрынырақ
мәлімдеген сияқтымыз! Мен бұл жөнінде қазір, көп жылдар
өткеннен кейін, жоғарыдан берілген ишараны көремін.
Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі
сияқты, ерекше болды және бүгін де солай қала береді.
Бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің керемет-
тей құпияларын бойына жинаған, ата-бабалар рухымен
байланыстырып тұрған тылсым дүние. Ол мені қашанда
қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын.
Бір қызығы, Байқоңыр жерінің ғарыштық болашағы ту-
ралы, өз заманында Қорқыт ата көріпкелдікпен айтып кеткен.
Сақталып қалған аңыздарда, бірен-саранжазбаларда Қорқыт
атаның қасиетті жерді және мәңгілік өмірді іздегені айтыла-
ды. Жер-дүниені кезген ізденістері кезінде, оның соңынан
ылғи да, өзі қатты қорқатын өлім еріп жүреді. Ақырында ол
ғайыптан: «Егер жердің кіндігін тапсаң, онда аман қаласың»
деген сөзді естиді. Қорқыт атаШығыстың көптеген елдерінде
болады. Ол еш уақытта соғыс, табиғат апаттары болмайтын
және өлім дегенді білмейтін жерді іздеген. Ол Жер бетінде
сондай жердің бар екеніне сенген және оны жырлап өткен.
Ақырында, Қорқыт ата туған жеріне, Сырдарияның
жағасына қайтып оралады. Ойлана келе, ол мәңгілік өмір –