Page 344 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
343
жылдары, аймақтарда ауыл шаруашылығының өндіруші-
лері бұрынғыша мемлекет тарапынан көрсетілер көмектің
қайта қалпына келтірілуін күтті және өздерінің барлық
экономикалық проблемаларын сырттан шешіледі деп
үміттенді. Бірақ, ең қызығы, бір жақсылық болар деп осы-
лай күтушілік тәуелсіздіктің бүкіл он бес жылына созылды
және сол үміт біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерінде әлі
күнге дейін сақталып келеді. Соның ең бір тұрақты мысалы –
егін егу мен астық жинау науқандары тұсында жанар-жағар
май бағасы төмендетілсін деп мемлекетке қойылатын жыл
сайынғы талаптар. Жанар-жағар май өндірушілер де табыс
табуға ұмтылған жеке меншік компаниялары бола тұра, дәл
осы талаптар мемлекетке қойылады да жатады.
Нақ осыжағдай бізді мемлекеттің ауыл шаруашылығына
қатынасын нақтылап айқындауға мәжбүр етті. Осы орайда
маған көптеген жағымсыз жайттарды айтуға тура келетінін
сезіне отырып, мен бәрібір ахуалды түсіндіре бастадым. Сол
кезде айтылғандардың мәнісі мынаған келіп саятын еді.
Кеңес Одағының құлауымен бірге Қазақстанда саяси
және экономикалық ахуал өзгерді. Мемлекет енді ауыл
шаруашылығын бұрынғы көлемде қаржыландыра алмай-
тын халде болды, оның үстіне, жаңа нарықтық қатынастар
агроөнеркәсіп кешенін түбегейлі қайта құруды талап етті.
Бірінші кезекте мұндай экономикалық тетікті құру, бір
жағынан, ауыл шаруашылығы құрылымдарының тиімді
жұмыс істеуін ынталандырса, екінші жағынан, ескі өндірістік
қатынастардан бас тартуға мәжбүр ететін еді. Мен мемлекет
өзінің ауыл шаруашылығына қатынасуын қысқартатынын,
ауыл тұрғындарының ынта-ықыласына сене отырып, фер-
мерлік шаруашылықтарды қарқынды түрде дамытатынын,
мұның бәрі ерте ме, кешпе – ұжымшарлар мен кеңшарларды
таратуға және жеке меншікті енгізетінін сездірдім. Сондай
кездесулерге қатысушыларға: көп кешікпей ұжымшар-