Page 343 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
342
1994 жылдың 27 ақпанында Ақмола қаласы тың және
тыңайған жерлерді игерудің 40 жылдығына арналған
рес­публикалық аграрлық кеңеске келген республиканың
бүкіл аграрлық басшылығы мен Қазақстанның барлық
ұжымшарлары төрағаларын қабылдады. Мерекелік кеңес
бірте-бірте ұлғайып, Қазақстанның апатты жағдайда тұрған
ауылшаруашылығының болашағы туралы салмақты әңгімеге
ауысты.
Біздің тәуелсіздігіміздің үшінші жылы аяқталып қалды.
Қоғам «талма дерттен есеңгіреген» халден жайлап шығып,
өз өмірін жаңа экономикалық жағдайға бейімдей бастады.
Алайда қалаларда азаматтардыңжеке бастамасышағынжәне
орта бизнестің қарқынды дамуына демеу болса, ал ауылдық
жерлерде жағдай мүлде басқаша қалыптасты. Аграрлық
секторда экономикалық реформалар белуардан батпаққа
батып жатты.
Біздің ауыл тұрғындарының ескі түсінік бойынша мә-
селенің шешімін жоғарыдан күткен көңіл күйі мені қатты
алаңдатты. Ескі дәстүр бойынша, біздің елімізде ауыл
шаруашылығына қашанда баса назар аударылып келген.
Бұл көп жағдайдан көрініс тауып еді: тың жерлерді игеру
жөніндегі бүкілодақтық науқанның қанат жаюынан бастап,
Қазақстанның кеңес елінің «ырысты өлкесі» деп аталуына
дейін, демек, бүкіл кеңестік кезең бойында мемлекет тара-
пынан әрдайым ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытуға
айтарлықтай қаржы салу жүзеге асырылып келген. Алайда
орталықтандырылған жоспарлы экономиканың күйреуі
салдарынан ауыл шаруашылығына капиталдың құйылуы
тоқтатылды. Соның нәтижесіндей болып, өндіріс көлемі
қысқарды, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі төмендеді,
ауылдық жерлерде әлеуметтік шиеленіс күшейді.
Дегенмен де, тұралатқан дағдарысқа және ауыл жағда-
йының нашарлауына қарамастан, сол кезеңдері, 90-шы