Page 232 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
231
Екіншіден, жекешелендіру кезінде жіберілген қателіктер
біздің бәрімізге үлкен сабақ болды. Мемлекет жекеше-
лендірудің инвестициялық купондары уақытында жаңа
пісіп-жетілген қазақстандық бизнесмендерді қолдай отырып,
инвестициялық қорлардың жұмысы жөнінде қажетті заң-
намалық база жасамады, қорларды басқарушыларға қойы-
латын кәсіби біліктілік пен қаржы талаптарды анықтамады;
олардың салымшылар алдындағы жауапкершілік деңгейі
айтылмады. Соның салдарынан мемлекетке жекешеленді-
рудің осы кезеңіндегі сәтсіздіктің нәтижесінде пайда болған
халықтың сенімсіздігі мен түңілісін жою үшін мемлекеттің
ұзақ жұмыс істеуіне тура келді. Үш жылдан соң біз зейнетақы
реформасынжүргізу кезінде осы қателіктердің бәрін ескердік.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Нормативтік-
құқықтық база барлық зейнетақы қорларының жұмыс істеуі
мен орналастырылуына қатаң талаптар белгіледі. Бұл істердің
нәтижесі ұзақ күттірген жоқ, бүгінде біздің зейнетақыжүйеміз
барлық посткеңестік кеңістікте ең ойластырылғанжәне сенімді
жүйе болып табылады.
Ал қане, ең басынан бастайық. Жекешелендірудің қисы-
нын түсіну үшін сол кезеңде қалыптасқан жалпы жағдайды
суреттеп көрейік. Қазақстан экономикасы жалпы одақтық
экономиканың басқа одақтас республикаларды шикізатпен
қамтамасыз ету міндетін атқаратын жеке бір элементі болып
табылатын. Мысалы, Қазақстаннан өндірілген мұнайдың
70%-ы, темір рудасының 55%-ы, көмірдің 28%-ы, қара
металдың46%-ы, синтетикалық каучуктің86%-ыжәне негізгі
химия өнімдерінің 54%-ышетке шығарылды. Сөйте тұра, ре-
спублика сырттан әкелінетін, жан басына шаққандағы халық
тұтынатын тауарларды өндіру жөнінде бұрынғы КСРО-ның
15 республикасы ішінде 12-ші орынды иеленді.
Қазақстан тауар айналымының жалпы көлемінің қалып­
тасуындағы айқындаушы рөл бұрынғы КСРО-ның басқа