Page 231 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
230
Жекешелендіру Қазақстанның қазіргі тарихында нағыз
қайшылықты кезең болды. Тарихтың бұл кезеңі бұрынғы со-
циалистік елдердің бірде-бірінде бірыңғай баға алған жоқ.
Польша, Венгрия және Чехия елдерінен айырмашылығымыз
– біз жекешелендіруді мемлекеттік институттар құрылысымен
қатар жүргіздік. Шығыс Еуропада батыс инвесторлары өз
өндірісін апаруға дайын тұрып, мемлекеттік меншіктің жедел
сатылуына ықпал етсе, Қазақстанның «бандиттік капитализм»
үстемдік еткен өз әріптесі Ресеймен істес болуына тура келді.
Біз мемлекеттік институттар түпкілікті қалыптасқанға дейін
жекешелендіруді кейінге қалдыра алдық па? Өзбекстанның
тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншік иелерін қалыптастыру
үрдісін кейінге қалдырсақ, экономикалық жағдайымыз тіпті
қиындай түскен болар еді. Біз тәуелсіздікке кіргенде, бізде
тиімсіз әскери-өнеркәсіптік экономика үшін толық өңделмеген
және бәсекеге қабілетсіз өнімдер өндіретін алып кәсіпорындар
бар еді, ол экономика кеңестік мемлекеттің тарихымен
бірге келмеске кетті. Польша Президентінің экономикалық
кеңесшісі Марек Белка, ал одан кейін Премьер-министрдің
өзі мойындағанындай, Польша Еуропалық қауымдастықтың
толық құқықтымүшесіне айналған кезде, Польшаның табысты
кәсіпорындарының басым бөлігі тақыр таза жерде құрылған
және олардың социалистік кезеңде жекешелендірілген
кәсіпорындарға ешқандай да қатысы болмаған.
Егер де жекешелендіруге баға беру керек болса мен,
біріншіден, бұл Қазақстанда әртүрлі тиімді де ынталы
меншік иелерінің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызған
тарихи үрдіс болғанын айтар едім. Бізде өсудің мыңдаған
дербес нүктелерін солар жасады. Жекешелендіру жаңа
экономикалық және қоғамдық қатынастар үшін кеңістік ашып
берді.Мемлекет түу басынан-ақ өнеркәсіпкеықпал етушіліктің
жетегінде еріп кетпейтінін және шығынға белшесінен батқан
кәсіпорындарды қолдай алмайтынын бірден аңғартты.