Page 229 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
228
Менің пікірімше, «үлкен аға – кіші іні» сияқты ап-айқын,
нақты жікке бөлінген бұрынғы одақтық «бауырластықтағы»
басымыздан өткен қолайсыздықтардан арылып, байсалды
интеграцияға бару үшін біздің елдерімізге ұзақ уақыт керек.
Біздің ортақ стратегиялық экономикалық мүдделеріміздің
болуына және реформалардың қатарлас бағытта жүруіне
қарамастан, осылай болмақ. Сондай-ақ біздің елдердің
институттық өзгерістерінің бағыты да бір ыңғайда алынған.
Бұдан басқа, интеграцияға бөгет жасайтын жүйелік про-
блемалар да баршылық. Біріншіден, бұл сенімнің төмен
дәрежесі, оны тек елдің өз ішіндегі заңды сол сияқты
мемлекетаралық келісімдерді сыйлау арқылы көтеруге бо-
лады. Екіншіден, біртұтас экономикалық кеңістік елдеріндегі
(Белоруссияның, Қазақстанның, Ресейдіңжәне Украинаның)
саяси режимдер өздерінің мәні жағынан әртүрлі және
Еуроодақ елдері арасындағы айырмашылыққа қарағанда
бұлардың айырмашылықтары едәуір үлкен. Осы себептен
біздің елдеріміз қол қойған келісімдер әлі де тұрақты емес,
олар ішкі саяси ағымдарға тәуелді болмақ. Үшіншіден,
біз әрбір елдің ұлттық мүддесінің түйіні неде жатқанын
әлі түпкілікті шешкеніміз жоқ. Өз мүдделерімізді өзіміз
түсінуіміздің проблемалары интеграциядан бұрын шешілуге
тиіс. Мұнысыз кез келген интеграция ұзаққа бармайды.
Ұлттық валютаны енгізу тәуелсіздіктің рәмізіне айналды
және оның одан арғықызметі елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуын жақсартуға бағытталған түбегейлі нарықтық рефор-
маларды іске асырмайынша мүмкін емес. Реформалардың
барысында барлық экономикалық қайта өзгертулерді басты
ойыншыларсыз, яғни меншік иелерінсіз жүзеге асыру мүмкін
емес екендігін ұмытпау керек. Нақ осыменшік иелері табының
болуы нарықтық экономиканың түйінді элементі болып та-
былады. Бұған қарай жасалған алғашқы қадамның бірі бүкіл
елде көлемді жекешелендіруді іске асыру болды.