Page 228 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
227
еуропалық сәтті тәжірибені сауатты және парасатты түрде
қабылдаулары керек.
Егер де біртұтас экономикалық кеңістік Украинаның по-
зициясына байланысты іске аспайтын болса, онда барлық
қатысушылар: интеграция – бұл қажеттілік деген ұғым
деңгейіне жеткен кезде біздің жинақтаған тәжірибеміз
ЕурАзЭБ немесе басқа бірлестіктерде пайдалы болмақ. Бұл –
бәріне де пайдалы. Бұл – қауіпсіздік және даму.
Бірақ өткен уақыттың өн бойында «интеграция» атауына
мағыналық толықтырулар адам танымастай өзгерістерге
ұшырап, кейде не туралы әңгіме болып жатқанын баз
біреулер түсінбей де қалады. Сондықтан да интеграцияның
біздерде бұрын қалыптасқан мағынасын сөзсіз қабылдап,
оны көп жағдайда толық пайдаланбадық. Бұған объективті
де, субъективті де факторлардың әсері болды. Егер біз оны
өз бетімізбен пайдалана алмасақ, онда бұған үйрену керек.
Өзара байланысқа, ынтымақтастыққа және ортақ мақсатқа
жетуге үйрену керек. Ол үшін еуропалық одаққа қарасақ та
жеткілікті. Қандай да болмасын қайшылықтарға қарамастан
(ондайлар жеткілікті), олар интеграцияны толық түсінуге
жеткен. Оның дәлелі – біртұтас валюта – «евроның» енгізілуі,
Еуропарламенттің болуы және басқа көптеген жәйттер.
Менің ойымша, мен былай да интеграциялық процес-
тердің пайдасына байланысты жеткілікті түрде айттым.
Елдерді жақындастыру жолында нақты қадамдарға баратын
уақыт келді. Бірінші кезекте, біртұтас экономикалық кеңістік
шеңберінде. Иә, мойындауымыз керек, интеграция, әсіресе
валюталық одақ біздің елдерден экономикалық және саяси
тәуелсіздік принциптерінен белгілі дәрежеде шегінуді та-
лап етеді. Бірақ, интеграция нәтижелері мемлекет үшін,
барлығынан бүтіндей тәуелсіз болу тілегінен әлдеқайда
зор пайда әкелмек. Биік шыңға жалғыз шығу мүмкін емес,
әріптестің мықты сүйемелі қажет. Шыңды бірлескен күшпен
ғана бағындыруға болады.