Page 184 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
183
оқиғадан кейін Қарағандыдағы кез келген наразылық бүкіл
республиканы арандата алар еді. Сондықтан біз мұндағы өте
нәзік ұлтаралық қатынастарды көздің қарашығындай сақтауға
тырысқанбыз.
Ереуілдің себептері туралы ойлана келіп, біз кеншілер
жиын өткізіп жатқан алаңға бірден барармыз деп, ұшақтың
ішінде-ақ шешкен едім. Қонғаннан кейін әуежайда шағын
кеңес өткізіп, обком қызметкерлерінің көңілсіз мәліметтерін
тыңдадық. Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Локоту-
нин мені резиденцияға апарып орналастырмақшы болды,
«шахтерлер» тобыры тым қызынып тұр, сондықтанМәскеудің
өкілдерін күтейік, – деді. «Шахтерлердің қандай мінез
көрсетпейтініне кім кепіл? Күте тұрайық, сабаларына түссін,
мүмкін, үйлеріне тарап кетер» деген сөздері есімде қалыпты.
Әңгіменің жай митингімен аяқталмайтынын сездім де, мен
облыс әкімшілігінің ғимаратына кірмей, бірден алаңға ба-
руды ұсындым.
Қаланың орталығындағы Совет проспектісінде, бізді сол
кезде-ақ ашу қысқан шахтерлердің наразы үлкен бір тобы
күтіп тұр екен. Шахтер киімдерін киген, қап-қара беттерінен
көздері жылтырап қана көрінетін олардың бірталайы ұзақ
митингіден шаршап, үн-түнсіз каскаларымен асфальтты
даңғырлатып соғып отыр. Кейбір шахтерлер мұнда тура
забойдан келген тәрізді, беттеріндегі көмірдің қара ұнтағы
митингілік ахуалға одан сайын қаратүнек рең беріп тұр.
Жағдай қатты шиеленісіп кеткен, айтары жоқ көрініс. Шах-
терлердің кәсіподақ жетекшілері облыс басшыларымен
келіссөзден бас тартып, Назарбаевтың өзін талап етеді екен.
Мінеки, мен тікелей митингінің өзіне келдім.
Олар араларын ашып, ағаштан құрастырылған мінбеге
қарай өтуімежол берді. Бірнеше сағат бойыолардың сауалда-
рына жауап бердім. Біз әңгімені ең қарапайыммәселелерден
бастадық. Ереуілдің негізгі себептері мыналар екен: қазылған